Ташкентте Өзбекстан-Ауғанстан-Пәкістан жаңа теміржол желісін салу жобасының үйлестіру кеңсесі ашылды

    Көлік 15 May 2023 2110

    Үстіміздегі жылдың 12 майында Ташкент қаласында Өзбекстан-Ауғанстан-Пәкістан теміржол желісі құрылысы жобасының үйлестіру кеңсесінің ресми ашылу салтанаты өтті.

    Ашылу салтанатына Өзбекстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі И.Иргашев, Өзбекстан Республикасының транспорт министрі И.Махкамов, Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрінің кеңесшісі А. Хашимов, «Өзбекстан темір жолдары» АҚ төрағасының орынбасары А.Камалов, Пәкістан Ислам Республикасының елшісі А.Фарук, Ауғанстанның елшісі А.Илмий және Ауғанстан теміржол басқармасының төрағасы Б.Шарафат қатысты.

    Айта кету керек, жоба кеңсесін ұйымдастырудағы мақсат, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуде және жобаның іс жүзінде орындалуын жеделдету бойынша қосымша іс-шараларды үйлестіру болып табылады.

    Шараға қатысушылар жобалық кеңсенің дер кезінде ашылуына, тараптардың жобаны жүзеге асыруды тұрақты жеделдету бойынша іс-әрекеттердің бағытталуына айрықша тоқталды.

    Өзбекстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі И.Иргашев: «Өзбекстан Президентінің бастамасымен 2018 жылдан бері дәйекті және нәтижелі жұмыстар жүргізіліп, жобалық кеңсенің ашылуы тараптардың жобаны жүзеге асыруды жеделдетудегі іс-әрекеттердің келесі басқышы», — деді.

    — Жобаның құрылысын үйлестіру үшін тікелей Ташкент қаласында жобалық кеңсесінің уақытылы ашылуы Орталық Азия елдерін Пәкістанның 230 миллион халқымен байланыстырады, сонымен қатар баламалы бәсекеге төзімді бағыттарда Араб теңізі бассейніндегі елдермен өзара сауда үшін мүмкіндіктер ашады. Жобаны жүзеге асыру аймақтарды дамудың жоғары деңгейіне шығарады, сондай-ақ ортақ тарихты құрметтейтін халықтар арасындағы қарым-қатынасты тіктейді», - деді Пәкістан Ислам Республикасының елшісі.

    – Ташкент қаласында жоба кеңсесінің ашылуы тараптар мамандарының ісін тікелей бетпе-бет түрде одан әрі тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар жобаны жүзеге асыру барысында Ресей мен Орталық Азиядан Оңтүстік Азия елдеріне миллиондаған тонна табиғи ресурстар мен басқа да жүктерді тасымалдауға мүмкіндік туады. Осы ретте Ауғанстан тарапы Ауғанстан экономикасының реал секторын дамытуға көбірек көңіл бөліп отырған Өзбекстанға ризашылығымды білдіремін, – деп айтты Ауғанстан теміржолы басқармасының төрағасы Б. Шарафат.

    Осы күндері, ағымдағы жылдың 11-12 май күндері Өзбекстан-Ауғанстан-Пәкістан теміржол желісін құру жобасын одан әрі дамыту бойынша кезектегі үшжақты келіссөздер өтті. Тараптар жобаны жүзеге асыруды жеделдетуге байланысты мәселелерді талқылады, деп хабарлайды «Өзбекстан темір жолдары» АҚ баспасөз қызметі.

    Айта кету керек, Өзбекстан-Ауғанстан-Пәкістан теміржолының құрылыс жобасын сапалы жүзеге асыру аталмыш бағыттан ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік береді және оны ғасырлар бойы сақтап қалады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates