Шараға 300-ден астам халықаралық қатысушылар, тәжірибелі гидтер, туризм саласындағы мамандар, мемлекеттік ұйымдардың, ғылыми және оқу орындардың өкілдері қатысты.
Форум Өзбекстан Республикасы Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі жанындағы Туризм комитеті және Туризмді дамыту ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Форумның ашылуында сөз сөйлеген Туризм комитетінің төрағасы Умид Шадиев бүгінде шет мемлекеттерден келушілер үшін визалық тәртіп жеңілдетілгенін, визалық режим жеңілдетілген елдердің саны 93-ке жеткенін атап өтті.
2023 жылы елімізге шетелден 7 миллионға жуық турист келген. Олардың қалу мерзімі орта есеппен 4 күнге дейін ұзартылды (1,3 есе өсті).
"Өзбекстан бойлап саяхат жаса!" бағдарламасы бойынша аумақтарға 21 мллион жергілікті туристік сапар ұйымдастырылды ( 20% пайызға өсті)», —деді У. Шадиев.
Форумның мақсаты – экскурсия саласында тәжірибе мен білім алмасу, туризм индустриясының маңызды бағыттарының бірін дамытудың өзекті мәселелері және болашағын талқылау, сондай-ақ өзбекстандық және шетелдік сала өкілдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Форум аясында «Экскурсия қызметі: білім, ғылым және тәжірибе симбиозы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Форум аясында Туризмді дамыту ғылыми-зерттеу институты мен Түркия, Қазақстан және Өзбекстанның түрлі білім және туристік ұйымдары арасында бірнеше өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.