Еске сала кетейік, кеше, 11 сентябрь күні Президент Шавкат Мирзиеев Ташкент облысында жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігі мен жаңа жоспарларды талқылауға арналып өткізілген жиында Ташкент облысындағы бос жерлер «Ташкент инвест» компаниясы және қаланың өнеркәсіп аумақтары дирекциясына беріліп, ал қоршаған ортаға зиян келтіретін кәсіпорындар көшірілетіні айтылған болатын.
"Ахангаран ауданында бірнеше жылдан бері шешімін таппаған аумақ бар еді, атап айтқанда, тері кластеріне 15 гектар жер бөлінген еді. Ол коммуникацияға қаражаттың жоқтығынан жұмыс істемеген. Бүгінде бұл мәселені Президентіміз шешіп берді. Оған тағы 20 гектар жер қосып, 35 гектарға жеткізілді. Бұл жерге біз Ташкент қаласындағы 50-ден астам теріні қайта өңдейтін кәсіпорындарды көшіріп әкелеміз"— деді әкім «Ўзбекистон 24» телеарнасына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Ташкент қаласы әкімшілігі үшін Ахангаран су қоймасының айналасындағы 168 гектар жер Ташкент қалалық әкімшілігіне беріледі. Мұнда қаланың экоаумақ құрылады. Бұл аймақта Туркия компаниясымен бірлесіп, кемінде 600 туристті қабылдай алатын туристік аймақ салынады.








