Бұл туралы Транспорт министрлігі хабарлады.

Айтылуынша автобустар Ташкент – Шолпаната (Ыстықкөл) бағыты бойынша жүреді. Автобустар «Тошкент»  автовакзалынан маусым айының  жұп күндері, ал Ыстықкөлден Ташкентке тақ күндері қатынайды.

Қатынаулар заманауи Yutong автобустарымен жүзеге асырылады. Автобус күн сайын сағат 15:00-де Ташкент автовокзалынан жолға шығады.

Билет құны — 365 мың сум. Жаңа бағыт жазғы демалыс маусымында азаматтардың Ыстықкөлге жайлы әрі қауіпсіз сапарлауына мүмкіндік береді.