Ол бұл мәлімдемені Өкілдер палатасының Республикалық сайлауалды компаниясы комитеті ұйымдастырған жыл сайынғы қайырымдылық қаржыларын жинау шарасында айтты.

АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операциясы туралы айта келе, Трамп өз елінің ең озық қаруларға ие екенін атап өтті.

«Егер байқаған болсаңыздар, мен оларды тезірек әрі көбірек мөлшерде өндіруді тапсырдым, өйткені біз мұның барлығын Америкада өндіруіміз керек», — деді ол.

Осы айдың басында Ақ үй әкімшілігі BAE Systems, Boeing, Honeywell Aerospace, L3Harris Missile Solutions, Lockheed Martin, Northrop Grumman және Raytheon сияқты жетекші қару өндіруші компаниялар өкілдері өндірісті төрт есе арттыруға келіскенін хабарлады.