Транспорт саласы реформаланады

    Көлік 16 Iyun 2023 1591

    2023 жылғы 14 июнь күні Өзбекстан Республикасы Президенті «Әкімшілік реформалар шеңберінде көлік саласында мемлекеттік басқаруды тиімді ұйымдастырудың іс-шаралары туралы» ПФ-94-санды Жарлыққа қол қойды.

    Құжатқа сәйкес, көлік саласындағы кейбір функциялар жеке секторға өткізіледі.

    Көлік министрлігі жанынан Көліктік бақылау инспекциясы құрылады, ол автомобиль, темір жолы, су, электр көлігі, метрополитен және жол шаруашылығы салаларында бақылау функцияларын жүзеге асырады. Инспекцияның төмендегідей құқықтарға ие:

    - автомобильде жүк және жолаушыларды тасымалдау, темір жол, су, электр көлігі, метрополитен және жол шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жаза шараларын қолдану;

    - автокөлік құралында жүк және жолаушыларды тасымалдау ережелерінің бұзылуы анықталғанда, автотранспорт құралдарын жүк және жолаушылар тасымалдауды бақылау бойынша посттарда тексеру үшін тоқтату.

    Сондай-ақ құжатпен төмендегі бақылау шараларын Бизнес-омбудсманның рұқсатынсыз, оған хабарламастан, «қауіпті талдау» жүйесін қолданбай (қаржылық-шаруашылық қызметіне араласпай) жүзеге асыруға рұқсат етілуде:

    Транспорт министрлігіне құзырындағы Азаматтық авиация агенттігі тарапынан азаматтық авиация ұйымы мен кәсіпорындарда ұшу қауіпсіздігін сақтау туралы Халықаралық азамат авиация ұйымының стандарттарына сәйкес жоспарлы және күтпеген тексерулер жүргізу;

    Транспорт бақылау инспекциясы тарапынан автомобиль көлігінде жүк және жолаушыларды тасмалдау ережелеріне мойынсұнуын тасмалдау кезінде рейдтер өткізген жағдайда бақылау.

    Транспорт бақылау инспекциясы Кәсіпкерлік субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша өкілді хабардар етіп, «қауіпті талдау» жүйесін қолданбаған жағдайда темір жол көлігінде қозғалыс пен тасымалдау қауіпсіздігіне, жүк пен жолаушыларды тасымалдау ережелеріне, сондай-ақ жол құрылысы нысандарында заңдылық құжаттардың талаптарын сақтау бойынша тексерулер жүргізеді.

    Анықтама үшін: бұрынғы Агроөнеркәсіп кешенін бақылау инспекциясына

    бақылау іс-шараларын, ерекше жағдай ретінде тексерулердің «Бірыңғай мемлекеттік бақылауы» ақпараттық жүйесінде тіркеуге алынбаған жағдайда жүзеге асыруға рұқсат етілген еді.

    Өзбекстанның Қытай, Қазақстан, Әзербайжан, Иран және Латвия елдеріндегі елшіліктерінде көлік мәселелері бойынша кеңесші лауазым енгізіледі.

    Құжатпен:

    Транспорт министрлігі қызметінің

    үстем бағыттары;

    Транспорт министрлігінің жүйесіндегі мекемелерді қайта ұйымдастыру бағдарламасы;

    Транспорт саласын цифрландырудың үстем бағыттары;

    Көлік саласын түбегейлі реформалаудың «Жол картасы» бекітілуде.

    Құжат Заң құжаттары мәліметтерінің ұлттық базасында жарияланған және, 2023 жылдың 14 июнінде күшіне енді, деп хабарлайды «Norma».

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates