"Trip.com Group Ltd." компания еліміздің туристік әлеуетін кеңінен насихаттауда ынтымақтастық жасайды

    Туризм 8 Noyabr 2022 830

    Ағымдағы жылдың 7 ноябрінде Өзбекстан Республикасының Туризм және мәдени мұра министрлігінде Премьер-министрдің орынбасары – Туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимов пен Қытайдың «Trip.com» компаниясының атқарушы төрағасы Жеймс Лиан арасында кездесу ұйымдастырылды.

    Ақпарат үшін «Trip.com Group Ltd.» Компаниясы 1999 жылы құрылған және штаб-пәтері Шанхайда орналасқан. Бұл «NASDAQ» және «NKEX» биржаларында тізімде тұрған әлемдегі жетекші онлайн туристік компаниялардың бірі саналады.

    "Trip.com Group Ltd." компаниясы әлемнің 32 елінде 21 тілде 400 миллион пайдаланушыға әуе және теміржол билеттерін брондау, қонақ үйлер, автокөлікті жалға беру, турлар, визалық қолдап-қуаттау сияқты мәселелерді өз ішіне қамтыған толық қызметтердің жинағын ұсынады. Сонымен қатар ол «Dailymotion», «Skyscanner және Qunar» онлайн платформалары үшін әлемдегі жетекші саяхатшылық қызмет көрсетушісі болып табылады. Компания Қытайдың туристік базарының 85%-дан астамын қамтиды.

    Кездесудің басты мақсаты – Өзбекстанның Қытайдағы хабардарлығын арттыру, туризм әлеуетін кеңінен насихаттау және қытайлық саяхатшылар ағымын арттыруда Қытайдың «Trip.com Group Ltd» компаниясы мен Туризм және мәдени мұра министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою болып табылады.

    Кездесу аясында Өзбекстанның туризм әлеуетін «Trip.com» онлайн-платформасының ресурстары арқылы кеңінен насихаттау, атап айтқанда, шетелдік компанияның маркетингтік ресурстарын пайдалана отырып, Өзбекстанның (бренд) хабардарлығын арттыру, Өзбекстанда бар қонақ үйлер, жаңа туристік нысандар, табиғаты тартымды орындар,гастрономия және тағы басқа мәліметтерді тұрақты түрде жаңалап бару, жаңадан құрылған туристік нысандардың координаттары мен ақпараттарын GPS картасына орналастыру және саяхатшылар ағынын арттыру бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастық жасау мәселелері талқыланды.

    Кездесу аясында шетелдік компанияның атқарушы төрағасы, Өзбекстанның туризм саласындағы үлкен әлеуетін ескере отырып, «Trip.com» платформасында Өзбекстанның туристік әлеуетін дүние жүзіне насихаттап, маркетинг зерттеу жүргізу, қытайлық туристер үшін жаңа туристік бағыттарды жасау, қытайлық туристерге еліміздің ең жақсы бағыт ретінде ашып беретін РR компаниясын құруды жоспарлап отырғанын айтты.

    Кездесу соңында Өзбекстан мен Қытай арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында Туризм және мәдени мұра министрлігі мен «Trip.com» компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates