Президент Ферғанадағы жеңіл өнеркәсіп және логистикалық орталыққа барды

    Билік 12 May 2022 7791

    Президент Шавкат Мирзияев Ферғана облысындағы сапары барысында «Үшкөпір» ауданында салынып жатқан жеңіл өнеркәсіп және логистикалық орталығында болды.

    Бұл кешен де Президент бастамасының жемісі. Мұнда тігінші қыз-келіншектер, отбасылық кәсіп ашып, көршілерін жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлер көп. Бірақ олар бейімделген ортада жұмыс істегендіктен, бұл бизнестің кеңеюіне кедергі болды.

    Мемлекет басшысы осыған дейін облысқа сапары барысында кәсіпкер әйелдермен әңгімелесіп, оларға заманауи кешен салуға уәде еткен болатын. Осының негізінде 2021 жылғы 27 мамырда «Ферғана облысының Үшкөпір ауданында жеңіл өнеркәсіп өндірісін, логистика мен сауданы дамыту шаралары туралы» Президенттің Жарлығы қабылданды.

    Бүгінде мұнда 15 гектар жер бөлініп, көпқабатты үй салынуда. Онде 316 өндірістік цех, 336 сауда дүкені, 560 сауда сөресі болады. Сондай-ақ 2 логистикалық орталық ашылады. Соның нәтижесінде бірнеше махаллаларда жүздеген кәсіпкерге заманауи қолайлылықтар жасалады.

    Мемлекет басшысы мұнда жұмысын бастаған тігін кәсіпорындарының тыныс-тіршілігімен танысты, кәсіпкерлер мен сатып алушыларға жасалған жағдайды қарап шықты.

    Кешен жылына 876 миллиард сумдық өнім өндіріп, 18 миллион долларды экспорттайды деп күтілуде. Барлығы 7700-ден астам азамат тұрақты жұмысқа орналаса алады.

    Облыстың «Қоштепа» ауданында тағы бір тоқыма кәсіпорны салынуда. «Global Textile Infinity» ЖШС негізін қалаған фабриканың қуаттылығы жылына 18 миллион метр жоғары сапалы маталар мен 10 миллион дана дайын өнім шығаратын болады.

    Мемлекет басшысы тоқыма бұйымдарын өңдеу мен өндіру деңгейін арттыруды тапсырды.

    – Бүгінде нарық аяусыз. Бұл бәсекеге лайықты болу үшін кәсіпкердің кем дегенде бес жылдық межесі, сапа кепілі, өзіндік құны бойынша резерві болуы керек, – деді Шавкат Мирзияев.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates