Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің экономика факультетінде Қарақалпақстан Республикасы Туризм және мәдени мұра министрлігі, Германия халықаралық ынтымақтастық ұйымы (ГИЗ) және Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетімен бірге туризм бағытында білім алып жатқан студент-жастардың теориялық білімдері мен дағдыларын іс жүзінде одан әрі нығайту мақсатында Туризм зертханасының ашылу салтанаты өтті.
Шараға Қарақалпақстан Республикасының Министрлер Кеңесі, Германия халықаралық ынтымақтастықта істеу ұйымының шетелдік өкілдері, Германияның Өзбекстандағы елшілігінің өкілдері, сондай-ақ университеттің профессор-оқытушылары мен студент жастары қатысты.
Бұл Туризм зертханасы Қарақалпақстан Республикасының Туризм және мәдени мұра министрлігі және Германияның халықаралық ынтымақтастық ұйымының бастамасымен ұйымдастырылып, онда қонақтарды қабылдау, қонақүй қызметі, жалпы тамақтану және тағы басқа іс жүзіндік жаттығуларға арналған.
Туристік зертханасының негізгі мақсаты – саладағы білім сапасын одан әрі арттыру, бітіруші кадрлардың іс жүзіндік дағдыларын жетілдіру, бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау, сонымен қатар туризм саласындағы жеке сектор өкілдері университетпен бірге жұмыстарды жолға қою болып табылады.