Ферғана халықаралық аэропортының директоры Т. Халилов және “Түрік әуе жолдарының” Өзбекстандағы өкілеттігінің бас директоры Селим Қахраман ұшақ трапы алдында рәміздік таспа қиды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ақпарат қызметі.
Түрік пилоттары, сондай-ақ экипаж мүшелері нан және гүлдермен қарсы алынды.
Әлемдегі ең ірі авиакомпаниялардың бірі, әлемнің 120-дан астам мемлекеттеріне, 300-ден астам аэропорттарға чартер және тұрақты рейстерді жүзеге асыратын “Түрік әуе жолдары” ұшақтары аптаның сейсенбі және жұма күндері Стамбул-Ферғана-Стамбул бағытында қатынауын жүзеге асырады.
Еске сала кетейік, “Узавиация” агенттігі тарапынан 2021 жылғы 15 апрельде Түркия Республикасының “Turkish AirLines” авиакомпаниясына Стамбул-Үргеніш-Стамбул және Стамбул-Ферғана-Стамбул бағыттарында Өзбекстан Республикасына тұрақты авиақатынауларын жүзеге асыруға рұқсатнама берілген.