«Туркистонбанк» салымшыларының қаражаттары мерзімінен бұрын қайтарылады

    Қаржы 21 Noyabr 2022 1525

    Белгілі болғандай, Өзбекстан Республикасы Орталық банкінің 2022 жылғы 7 октябрьдегі қаулысына сәйкес «Туркистон» жеке акционерлік коммерциялық банкінен банк қызметін жүзеге асыруға лицензиясы қайтарылып алынды.

    «Азаматтардың банктердегі депозиттеріне кепілдік беру қоры» АҚ Бақылау кеңесінің 2022 жылғы 18 ноябрьдегі қаулысына орай «Туркистонбанк» салымшыларының қаражатын мерзімінен бұрын қайтару туралы шешім қабылданды.

    21 ноябрьден бастап «Туркистонбанк» АҚ салымшылары болып табылатын жеке тұлғалар депозитке салған қаражаттары бойынша агент-банк ретінде таңдалған «Қишлок Қурилиш банкке» жүгіне алады.

    Айта кету керек, салымшылар алынған қаражатты өз қалаулары бойынша – нақтылай ақша түрінде, банк картасына аударылған немесе «Қишлоқ қурилиш банк» агент-банкінде сақтай алады, деп хабарлайды Орталық банктің баспасөз қызметі.

    Сондай-ақ, хабарламада Азаматтардың салымдарын қайтарып алу тәртібі, мекенжайы және қажетті құжаттары туралы ақпарат берілген.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates