Түрік кеңесі хатшылығының жаңа ғимараты алдында жалау көтеру рәсімі өтті

    Билік 12 Noyabr 2021 5805

    12 қарашада Ыстамбұлдағы Түрік кеңесі хатшылығының жаңа ғимараты алдында жалау көтеру рәсімі өтті.

    Салтанатты шараға Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен бауырлас елдердің басшылары қатысты.

    Онда Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Қырғызстан, Қазақстан, Венгрия, Түркіменстан және ұйымның тулары көтерілді.

    Шараға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған бауырлас елдер арасындағы көп қырлы серіктестікті одан әрі дамытудың маңыздылығына тоқталып, Хатшылық ұйымның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде маңызды рөл атқара беретініне сенім білдірді.

    Түрік кеңесінің хатшылығы орналасқан ғимарат 19 ғасырдың басында салынған және Ыстамбұлдың Фатих ауданында орналасқан.