Түркиямен көп қырлы ынтымақтастық одан әрі кеңейеді

    Үстіміздегі жылдың 3 июнінде Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрінің бірінші орынбасары Нозимжон Холмуродов Түркия Республикасының астанасында өтіп жатқан «Өзбекстан-Түркия стратегиялық қарым-қатынастары – кешенді болашақтары» тақырыбына арналған симпозиумға қатысты.

    Түркия Ұлттық кітапханасында өткен ірі шарада Түркия Президенті Әкімшілігінің өкілдері, екі елдің министрліктері мен кеңселерінің басшылары, жетекші саясаттанушылары мен сарапшылары Өзбекстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың аясын кеңейту мәселелерін талқылау және концептуалды шешімдерді әзірлеу мақсатында бас қосты.

    Сөз сөйлегендер Өзбекстан мен Түркия арасындағы екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың өсу динамикасының жоғары нәтижелерін атап өтті. Атап айтқанда, соңғы бес жылда екі ел арасындағы өзара тауар айырбастау көлемі 1,3 есеге, Өзбекстандағы түрік капиталының қатысуымен кәсіпорындар саны 3 есеге артып, 1898-ге, Түркиядан келген тікелей шетелдік инвестиция көлемі 10 есеге артқан.

    Инвестициялық ынтымақтастық та қарқынды дамып келеді – өткен жылы 260 жаңа өзбек-түрік біріккен кәсіпорны құрылды және Өзбекстандағы біріккен кәсіпорындар саны бойынша Түркия басқа серіктестер арасында үшінші орынға шықты. Екі ел арасындағы тұрақты әуе рейстер саны 2,5 есеге артып, аптасына 90-ға жетті.

    Сонымен қатар Өзбекстанда инвестициялық ортаны одан әрі жақсарту бойынша жүзеге асырылып жатқан нәтижелі іс-шаралар, сондай-ақ, жыл сайынғы экономикалық өсім 6%-ға өскендігі, инфляция деңгейі пайызға төмендегені, ДСТ стандарттарына сайкес «Тікелей инвестициялар туралы» Заңның жаңа редакциясы әзірленгендігі, ЕЭА-да тиімді басқару жүйесі енгізілгені, салық мөлшерлемелері мен сандары төмендетілгені, ірі компаниялардың акцияларын жекешелендіру және IPO-ға шығару бойынша жаңа ауқымды бағдарлама жүзеге асырылып жатқаны, Ташкент халықаралық Арбитраж орталығы өз жұмысын бастағаны және басқа да шаралар атап өтілді.

    Өзбек тарапы Түркия үкіметімен, инвестициялық және өнеркәсіптік ортамен көпжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға адалдығын білдірді. Шара қатысушылары нәтижелі жұмыс істеуге шақырылып, жаңа ұсыныстар мен жобаларды жүзеге асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екендігі де тілге тиек етілді.

    Шарада Түркия тарапы Өзбекстанда жүзеге асырылған ауқымды реформалардың нәтижелерін жоғары бағалады. Бір жағынан Түркияның тәжірибесі мен технологиялары сондай-ақ екінші жағынан Өзбекстан мамандарының біліктілігі, ресурстары, инвестициялық ортасының артықшылықтары симбиозы тұрғысында сауда, инвестиция және өнеркәсіптік кооперациясы салаларында ынтымақтастықты дамыту бойынша сарапшылардың пікірлері мен нақты ұсыныстары алға қойылды.

    Симпозиум соңында айтылған барлық ұсыныстар бірлесіп әзірлеу және өмірге енгізу үшін қабылданды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates