Кездесу соңында “Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі арасындағы туризм саласындағы Келісім хаттамасы мен Әрекеттер жоспарына” қол қою рәсімі өтті, сондай-ақ осыған орай екі елдің арасындағы әуе рейстерінің саны арттыру мен саяхатшылар санын 1 миллион адамға жеткізу көзделген.
«Өзбекстан өзінің тарихи және мәдени байлығымен әлемдегі ең маңызды туризм бағыттардың бірі. Самарқант, Бұхара, Хиуа сияқты қайталанбас қалалар Орталық Азияның ғана емес, бүкіл әлемнің мәдени мұрасында маңызды орынды иелейді. Сонымен қатар, өзбек тағамдары, дәстүрлі қолөнер және туризм саласындағы бірегей тәжірибелері Өзбекстанның туризм саласындағы орнын одан әрі нығайтуда», — деді Мехмет Нури Эрсой.
Мехмет Нури Ерсой өткен жылдың июнь айында өткен Жоғары дәрежедегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесіне байланысты туризм саласындағы ортақ мақсаттарды алға тартатын «Келісім хаттамасына» қол қойғандарын айтып, екі ел арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты арттыруға және бірлескен жобаларды әзірлеуге ерекше мән бергендіктерін атап өтті.
«Екі ел арасындағы әуе тасымалының айтарлықтай өскенін байқап отырмыз»
Мехмет Нури Ерсойдың айтуынша, екі елдің туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге көптеген мүмкіндіктері бар және екі елдің туризм және мәдениет саласындағы ынтымақтастығы жоғары деңгейде жалғасуда.
«Жанкүйерлік пен ізгі ниет аясында ынтымақтастығымызды жалғастыру және дамыту елдеріміздің мақсаттарының бірі. Біз осы мақсатқа қызмет ететін жобаға өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Соңғы жылдары екі елдің арасында әуе қатынауы жиілегенін көріп отырмыз.
Келіскеніміздей, түрлі қалалардан мақсатты бағыттарға ұшу санын арттырып, ұшу жоспарларына жаңа бағыттарды енгіземіз. Біз тек тасымалдаушыларды ғана емес, өзара чартерлік ұшақтарды да көбейтеміз. Бұл іс-шаралар жоспары екі ел арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға түрткі болады деп сенемін. Осы үдерісте сіздермен бірге жұмыс істеу және ынтымақтастық жасағаныма ризамын. Екі мемлекет үшін де пайдалы болады деп үміттенемін», деді Мехмет Нури Эрсой.
«Түркияның туризм саласындағы дамуын мұқият қадағалаймыз»
Өзбекстан Республикасының Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимов Түркия мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс ежелден бар екенін, туризмнің екі елдің ортақ жақтарының бірі екенін айтты.
Азиз Абдухакимов өз сөзінде Түркияның туризм тұрғысынан сирек және көркем ел екенін, оның туризм саласындағы дамуын жіті қадағалап отырғандарын айтып, бұл жағдайдың Өзбекстан туризміне де үлес қосатынына сенім білдірді.
«Осы Келісім хаттамасы мен Әрекеттер жоспары біз жасайтын қадамдар тұрғысынан өте маңызды. Осы тұрғыда біз өз мақсат-міндеттерімізді белгілеп, төмендегідей ұсыныстарды ортаға салдық:
— Туризм мақсаттарын байланыстыратын әуе рейстерін арттыру;
— Өзбекстанда Түркияның және Түркияда Өзбекстанның туристік әлеуетін одан әрі насихаттау;
— Матуриди, Нақшбанди және Бұхари ізбасарларын Түркияның орталық және шығыс провинцияларында тұратын үлкен қауымдарды (жалпы 3 миллионға жуық) Өзбекстанға кеңінен тарту, мұражайлар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, мәдени шараларды арттыру;
— «Түрік бауырлар» бағдарламасын жүзеге асыру, елдеріміздің тарихын өзара терең зерттеу, ынтымақтастықта кино туындыларын жасау;
— Өзбекстанда қарқынды дамып келе жатқан туризм бағыттары – экотуризм, экстремалды туризм, зиярат туризміне арналған тақырыптық көрмелер, фото-көрмелер ұйымдастыру;
— Түриялық саяхатшылардың Бұхарадағы 7 Пір киелі жерлеріне саяхатын ұйымдастыру;
— Түркия мұражайларында Өзбекстанның мұражай экспонаттарының бұрыштарын жасау;
— Түркияның ірі өнер орындарында, саябақтары және бақтарында Өзбекстан тарапынан ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген бахшылық, мақам өнері мен ләзгі биі қойылымдары, мәдени фестивальдар және «ашық аспан астында» іс-шаралар өткізу;
— түрікиялықтардың талап, тілектеріне лайықты туристік өнім жасау мақсатында Өзбекстанға туроператорларды, рестораторларды, туризм инфрақұрылымына инвестиция салатын компанияларды Өзбекстанға тарту;
— әуежайларда, қонақүйлерде, кафелер мен мейрамханаларда түрік тілінде белгілер орнату, ас мәзірін жасау, түрік туристеріне арнайы маршруттар, экскурсиялар мен турлар, сондай-ақ екі елдердің тағамдарын ұсынатын мейрамханалар ұйымдастыру;
— Туризмнің түрлі салаларында өзара тәжірибе алмасу. Біз осы мәселелер бойынша ынтымақтасуға келістік. Қазір Өзбекстаннан Түркияға 250 мыңнан астам, Түркиядан Өзбекстанға 150 мыңнан астам турист келуде. Бұл біздің әлеуетіміздің қаншалықты жоғары екенін және оны қалай арттыруға болатынын көрсетеді. Соның негізінде Түркиядан Өзбекстанға 1 миллион адам, Өзбекстаннан 1 миллион адам Түркияға барсын деген мақсатпен жұмыс істеуге де келістік. Осы сандарға жетсек, мәдени бірлігімізді де нығайтқан боламыз », - деп түйіндеді сөзін А.Абдухакимов.