Бұл туралы Миграция агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәліметке сәйкес, Миграция агенттігінің басшысы Бехзод Мусаев пен Түркия Республикасының Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрі Ведат Ишикхан арасында кездесу өтті.
Кездесуде заңды әрі қорғалған еңбек миграциясын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған стратегиялық маңызды мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ кездесу аясында бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткізілді. Атап айтқанда:
Түркияда заңсыз жүрген өзбекстандықтарды депортациясыз заңдастыру тәжірибесін жалғастыру;
Түркияда 3 жыл тұрақты тұрып келе жатқан өзбекстандықтарға осы жылдың 1 наурызынан бастап алғаш рет жұмыс істеу құқығын беретін рұқсатнама беру;
Еңбек министрлігіне қарасты İŞKUR ұйымы сұранысқа ие мамандықтарды орталықтандырып, Миграция агенттігіне сұраныс жолдау мәселелері бойынша Келісімге қол қоюға келісті.