Өзбекстан Президентінің Түркияға ресми сапары аяқталды

    Билік 7 Iyun 2024 2500

    Анкара қаласындағы нәтижелі өткен Өзбекстан-Түркия саммиті аяқталды.

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің ресми сапары аясында жоғары деңгейдегі бірқатар іс-шаралар өтті.

    Мемлекет басшылары шағын құрамда және Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысын өткізді.

    Келіссөздер соңында екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті тереңдету бойынша бірлескен декларацияға және 19 екіжақты құжатқа қол қойылды.

    Президенттер алғаш рет жетекші кәсіпорындар және компаниялардың басшыларымен бірлескен кеңес өткізді.

    Мемлекет басшысына Түркияның жоғары мемлекеттік наградасы – «Түркия Республикасының белгісі» марапатын табыстау рәсімі өтті.

    Сапар аяқталғаннан кейін Президент Шавкат Мирзиёев пен жұбайын Президент Режеп Тайып Ердоған жұбайымен бірге Есенбұға халықаралық әуежайынан шығарып салды.

    Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.

    No date selected
    June 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates