Түркіменстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті

    Билік 14 Iyul 2022 4525

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев «Куксарой» резиденциясында мемлекеттік сапармен келген Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті күтіп алды.

    Жоғары мәртебелі мейманды ресми қарсы алу рәсімі өтті.

    Шавкат Мирзияев пен Сердар Бердімұхамедов арнайы тұғырға көтерілді. Екі елдің әнұраны шырқалды.

    Құрметті қарауыл бастығы рапорт бергеннен кейін Мемлекет басшылары қарауылдың алдынан өтіп, өзбек әскери қызметшілерімен амандасып, Өзбекстан Республикасының мемлекеттік туына құрмет көрсетілді.

    Содан кейін Президенттер ресми делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды.

    Бірге суретке түсу рәсімінен кейін мемлекет басшылары тар шеңберде келіссөздер өткізуге арналған залға жол алды.