Үш айда 5 жаңа жылу электр станциясы іске қосылды

    Энергия 22 Aprel 2022 3147

    Үстіміздегі жылдың өткен үш айында еліміздің 3 облысында жалпы қуаттылығы 1154 МВт болатын 5 жаңа жылу электр станциясы іске қосылды.

    Жалпы құны 705 миллион долларға тең бұл жобалардың барлығын Түркияның «Aksa Enerji», «Odaş Enerji CA» және «Cengiz Enerji» компаниялары жүзеге асырған. Соның ішінде:

    Біріншісі – Бұхара облысының Бұхара ауданындағы қуаты 270 МВт болған газ-поршеньді жылу электр станциясы;

    Екіншісі – Ташкент облысының Қыбырай ауданындағы қуаты 240 МВт болатын бу-газ қондырғысы;

    Үшіншісі, Хорезм облысының Янгиарик ауданында қуаттылығы 174 МВт болатын жаңа жылу электр станциясы;

    Төртіншісі, Ташкент облысының Қыбырай ауданындағы қуаттылығы 230 МВт газ-поршеньді жылу электр станциясы;

    Бесіншісі, Ташкент облысының Қыбырай ауданында қуаттылығы 240 МВт болған заманалық жылу электр станциясы іске қосылды.

    Осы 5 электр станциясы жылына 9 миллиард 400 миллион киловатт-сағатына электр энергиясын өндіреді. Құрылғылардың энергияны үнемдеуі жылына 1 миллиард 275 миллион текше метр табиғи газды үнемдеуге мүмкіндік береді. Үнемделген көгілдір отын есебіне қосымша 6 миллиард 144 миллион киловатт-сағатына электр энергиясын өндіріледі.

    Станцияларды құру кезінде 2860 жұмыс орны ашылды, оларды пайдалануға беру нәтижесінде тағы 420 жаңа жұмыс орны жаратылды.

    Анықтама үшін: Апрель айында Самарқант облысының Нұрабад ауданында қуаты 100 МВт болатын ірі күн фотоэлектр станциясы (6-электр станциясы) пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates