Президент Науаи қаласындағы мектепке барды

    Бүгін Науаи қаласы қарқынды құрылыс алаңына айналғандай. Жаңадан бой көтерген «Фаровон» ауданы бүгінде ерекше қарқынмен дамып келеді. Мұндағы 50-ден астам көпқабатты тұрғын үйлерде 15 мыңнан астам адам қоныстанған. Ауданда барлық жағдай жасалған: заманауи сауда және қызмет көрсету орындары, мәдени кешендер, театрлар мен қонақүйлер, балабақшалар мен мектептер өз есіктерін айқара ашқан.

    Мемлекет басшысы осы ауданда орналасқан 22-санды жалпы білім беретін мектепке барды.

    Өзбекстанда мектеп білімі жалпыұлттық қозғалысқа айналып келеді. «Өзбекстан — 2030» стратегиясында да білім саласы бірінші кезектегі міндет ретінде көрсетілген.

    Бұл оқу орнында 1 мың 800-ге жуық оқушы білім алып жатыр. Ол былтыр салынып, пайдалануға берілген. Барлық сыныптар, зертханалар, компьютер және шет тіл кабинеттері, спорт залы, футбол алаңы, асхана заманауи жағдайлармен қамтамасыз етілген. Кітапхана 3 мыңнан астам кітаппен толықтырылған және Алишер Науаи атындағы ұлттық кітапхана жүйесіне қосылған.

    Мемлекет басшысы білім сапасын Президенттік және мамандандырылған мектептерге жақындату міндетін қойған. Осы мақсатта мектепке білімді және педагогикалық шеберлігі жоғары 104 мұғалім таңдалып алынған. Сабақтар үздік мектептердің бағдарламалары негізінде жүргізілуде.

    Жас ұрпаққа кемінде екі шет тілі мен бір заманауи кәсіп үйрету осы жерде де жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Ол үшін мектепте қолданбалы өнер, қонақүй қызметі, сурет салу, фотосурет, IT, робототехника сияқты оннан астам үйірмелер құрылған.

    Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, «Отан тірегі» әскери-патриоттық тобы құрылған. Онда Әмір Темір, Жалолиддин Мангуберди сияқты ұлы қолбасшылардың ерлігі туралы кездесулер өтеді. Патриоттық іс-шаралар мен спорттық жарыстар жиі ұйымдастырылады.

    - Білім алу, кәсіп үйрену — жақсы қасиет. Егер жүрегіңізде отансүйгіштіқ қасиет күшті болса, жігерің де биік болады, - деді Президент.

    Мектепте «Қабілет» клубы да ұйымдастырылған. Онда шығармашыл оқушылар музыка, театр және өнер бағытында әртүрлі шараларға қатысады.

    Мемлекет басшысы мектептің жұмысымен танысып, мұғалімдер және оқушылармен сұхбаттасты.

    - Менің ең үлкен уайымым, мақсатым – жастар тәрбиесі. Біз мақсат еткен асуларға білімді ұрпақ қажет. Осы үшін барлық жағдайды жасауға тырысып жатырмыз. Ал сіздер уақытты бағалап, барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, оқуға күш салыңыздар. Білгендеріңіз бен үйренген кәсібіңіз ертеңгі күні сіздерге қанат бітіреді, - деді Президент балаларға.

    Білім ордасында «қауіпсіз мектеп» жүйесі жұмыс істейді. Ол үшін мектепке кіріп-шығуда «Face ID» бағдарламасы енгізілген. Сондай-ақ, күн панельдері орнатылған.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates