Ташкент қаласында Ботир Закировтың мүсіні орнатылды

    Ташкент қаласында ұлттық эстрада өнерінің негізін салушы, Өзбекстанның халық әртісі Ботир Закировтың мүсіні ашылды. Осыған орай өткен шараға Президент Шавкат Мирзиёев қатысып, өнер сүйер қауымды жылы лебізімен құттықтады.

    – Бүгін бірегей өнер мен мәдениет мерекесі. Осы қуанышты оқиғамен сіздерді, марқум Ботир Закировтың туған-туыстары мен жанкүйерлерін, бүкіл халқымызды шын жүректен құттықтаймын, – деді Мемлекет басшысы.

    Ботир Закиров 1936 жылы өнерпаз отбасында туып-өскен. 29 жасында Өзбекстанның халық әртісі атағын алды. 2000 жылы «Ерен еңбегі үшін», 2021 жылы «Ел құрметі» ордендерімен марапатталған.

    Мемлекет басшысы әншінің қайталанбас таланты мен адами қасиеттерін сөз етті.

    Ботир Закиров өте қысқа – 49 жыл өмір сүрді. Бірақ осы жылдар ішінде ол артында мол шығармашылық мұра қалдырды. Оның сиқырлы үні еліміздегі әрбір шаңыраққа еніп, халқымыздың жүрегінен, өнеріміздің алтын қорынан орын алды. Әлемнің мәдени астаналарында өзбек өнерін сәтті паш етті.

    Әнші 1955 жылы, ең гүлдеген шағында ауыр дертке шалдықты. Оған бірнеше ота жасалады. Дәрігерлер оған ән айтуға тыйым салады. Бірақ сондай жағдайда да ол шығармашылық пен ән айтуды тоқтатпайды.

    Ботир Закиров өмір бойы жаңашылдыққа ұмтылып өмір сүрді. Шығыс фольклоры мен заманауи эстрада өнерін ұштастыра отырып, «Мюзик холл» шығармашылық ұжымын құрды, әнші хәм сазгер ретінде көптеген талантты жастарға ұстаздық етті. Елімізге қызмет еткен «Ялла» ансамблінің құрылуына Ботир Закировтің сіңірген еңбегі орасан.

    Ұлы өнерпаздың өшпес естелігін ардақтау, шығармашылық мұрасын зерделеу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, 2021 жылы Президент қаулысы қабылданғаннан кейін Ботир Закировтың 85 жылдығы кең көлемде аталып өтілді. Ұлы Хафиз атындағы ұлттық сыйлық тағайындалды. Ол туралы ғылыми және көркем шығармалар, деректі фильм, спектаклдер қойылды. Жуырда республика жұртшылығы мен шет мемлекеттерден келген танымал өнер қайраткерлерінің қатысуымен Ботир Закировті еске алу кеші үлкен қуаныш ретінде өтті.

    Ботир Закиров оқыған Өзбекстан мемлекеттік консерваториясы орналасқан көшеге оның есімі берілді. Осы консерватория жанынан Ботир Закиров атындағы Ұлттық эстрада өнері институты құрылды. Енді осында мүсіннің орнатылуы кешеннің көркін одан аса көріктендіре түсті.

    – Бұл мүсін Ботир Закировті еске алуға орнатылған символдық бейне. Қазіргі уақытта Жаңа Өзбекстанда мәдениет пен өнерді дамыту жолында жүргізіп жатқан барлық реформалар және олардың практикалық нәтижелері осы ұлы өнерпазға ең лайықты ескерткіш болады, – деді Мемлекет басшысы.

    Ботир Закировтің шығармашылық феномені ұлттық өнеріміз тарихындағы тұтас бір кезеңді құрайтыны айтылды. Оның бай мұрасын терең зерттеп, халыққа жеткізу жұмысын жалғастыру мақсатында Министрлер Кабинетіне қаулы дайындау тапсырылды. Ташкентте суретшінің мемориалдық мұражайын ашу, Ботир Закиров атындағы эстрада өнері бойынша халықаралық байқау және студенттерге мемлекеттік стипендия тағайындау, көркем фильм түсіру, Ұлттық эстрадалық симфониялық оркестр қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуді сынды міндеттерді көздейді.

    Салтанатты шарада Ботир Закировтың ізбасарлары, өнер және мәдениет өкілдері сөз сөйледі.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates