Улуғбек Рашитов алғашқы алтын медальдің жүлдегері болды

    Спорт 26 Iyul 2021 1726

    Токио – 2020 жазғы Олимпиада ойындарының таэквондо – 68 кг салмақпен жерлесіміз Улуғбек Рашитов еліміз спорт делегациясына алғашқы — алтын медальді алып берді.

    Финалда жерлесіміз ұлыбританиялық белгілі спортшы, әлем рейтингінде 2-орынды иелеп тұрған әлем чемпионы Бредли Сенденмен сайысқа түсті.

    Сайыста Улуғбек үстем болды. Бірақ, соңғы раундта бір рет ұлыбританиялық спортшы есепте алдынға шығып алған соң, көрермендеріміз сасып та қалған шығар. Бірақ, Рашитов төрт жылдықтың беделді жарыстарына тиянақты дайындық көргендігін айтты. Сайыстың соңында Токио-2020 Олимпиадасының алтынын қанжығасына байлады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.