Жалпы тамақтану нысандары қызметіне карантин шектеулері енгізілмеген жағдайлар белгіленді

    Ел назарында 9 Avgust 2021 3792

    Республиканың арнайы комиссиясының кезектегі жиналысында елімізде коронавирус инфекциясына қарсы емдеу үдерісін жеделдету мәселесі талқыланды.

    Үстіміздегі жылы 2 августта қабылданған “Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына тұрғындардың санитарлы0-эпидемиологиялық тыныштығын қамтамасыз етуге қаратылған өзгертулер мен қосымша енгізу туралы” Өзбекстан Республикасының Заңымен карантинді және қауіпті жұқпалы аурулар таралуы жағдайында тұрғындарды профилактикалық емдеу тәртібі белгіленді.

    Пандемиямен байланысты қиын эпидемиологиялық жағдайда кәсіпкерлердің өтініштерін есепке алып, жалпы тамақтану нысандарының қызметі үшін белгіленген шектеулерді жұмсарту мақсатында, тұрғындарды жаппай емдеу коронавирустың жаңа толқынының алдын алудың маңызды факторы екенін ескеріп, сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілерді пандемия жағдайында жан-жақты қолдап-қуаттау және емдеу үдерістерін тағы да жеделдету мақсатында Республикалық арнайы комиссияның қаулысымен :

    2021 жылғы 10 августтан бастап:

    - жалпы тамақтану нысандары — ресторан, кафе, асхана және шайханалардың жұмысы мен қызметкерлері (денсаулығы бойынша қарсы көрсетпе болған қызметкерлері бұдан тыс) коронавирусқа қарсы вакцинаның (түрінен тыс) кемінде 2 дозасымен емделгендігі туралы сертификаты болған жағдайда, оларға көрсетілген сағат 8:00 -ден 20:00-ге дейін тек таза ауада қызмет көрсетуіне байланысты карантин шектеулер енгізілмеу белгіленді.

    -Бұдан тыс, жалпы тамақтану нысандарына коронавирусқа қарсы вакцинамен емделгендігі туралы QR-коды немесе сертификаты бар болғандарды кіргізу ұсынылады (денсаулығы бойынша қарсы болғандар бұдан тыс).

    -2021 жылғы 1 октябрьден бастап:

    -кәсіпкерлік және қызмет көрсету субъектілерінің жұмысшы қызметкерлері, сондай-ақ жеке тәртіптегі кәсіпкер (денсаулығы бойынша қарсы көрсетпесі болғандар бұдан тыс) коронавирусқа қарсы вакцинаның (қандай түрінен тыс) кемінде 2 дозасымен емделгендігі туралы сертификаты болмаған жағдайда, олардың қызмет көрсетуі уақытша тоқтатылады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.