Университеттерде француз тілін оқыту мүмкіндіктері кеңейеді

    Білім 12 Aprel 2023 1296

    Ағымдағы жылдың 12 апрелінде Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрі Ибрахим Абдурахманов Францияның Төтенше және өкілетті елшісі Орелия Бушезбен кездесті.

    Кездесуге елшіліктің білім саласындағы ынтымақтастық жөніндегі атташесі Серж Беллини де қатысты.

    Тараптар екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық байланысты орнату және нығайту, кәсіптік білім беру саласында ынтымақтастықты жолға қою бағытындағы істер бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда, Өзбекстан университеттерінде француз тілін оқыту мүмкіндіктерін кеңейту, француз тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бойынша арнайы бағдарламаларды іске қосу туралы келісімге қол жеткізілді.

    Сонымен қатар, ынтымақтастықта ғылыми және стартап жобаларды іс жүзіне асыру, екіжақты диплом (Double Degree) алу бойынша Франция мен Өзбекстан университеттері арасындағы ынтымақтастықтыжолға қоюға қатысты істерді жеделдету, жазғы тренингтерді ұйымдастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates