Жаңа жолдың ашылу салтанатына ақсақалдар, өнерпаздар, жастар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Облыс әкімі Фарход Эрманов баршаны жерасты өткелінің пайдалануға берілуімен құттықтады.

Ал-Хорезми және Ислам Каримов көшелері қаладағы ең көп қозғалысқа ие жолдардың бірі, Ал-Хорезми көшесінде тәулігіне орта есеппен 18 мың, Ислам Каримов көшесінде 14 мың көлік қозғалады. Жерасты өткелі құрылысының нәтижесінде бұл қиылыстағы кептеліс жойылып, жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысы қамтамасыз етілді.