Тек Ферғана аумағы облыстарында атмосфералық фронт өту кезінде кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Таулы аймақтарда кей жерлерде қатты жаңбыр жауу ықтималы бар. Найзағай кезінде жел 17-22 м/с күшейеді. Республиканың кейбір тау етегінде және таулы аймақтарында су тасқыны байқалуы мүмкін.
Күндіз ауа температурасы 24-28° шамасында болады.
Жұмыс аптасының соңына дейін Өзбекстанда негізінен құрғақ және жылы ауа райы сақталады. Тек 27 апрельде орталық және шығыс облыстардың кей аудандарында қысқа мерзімді найзағай болып, жаңбыр жаууы мүмкін .
27 апрельде солтүстік және шөлді аймақтарда, 28 апрельде республика бойынша кей жерлерде жел 17-22 м/с күшейеді.
Аптаның ортасына қарай Иран аймақтарынан жылы ауа массаларының кіріп келуіне байланысты күндізгі температура 27-32°-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Өзбекстан гидрометеорологиялық қызмет орталығы.