«Узгидромет» агенттігінің хабарлауынша, бүгін, 9 июнь күні республиканың кей жерлерінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Желдің жылдамдығы 13-18 м/с күшейеді деп күтілуде.
10-11 июнь күндері Өзбекстанның солтүстік-батысында , 10-13 июнь орталық облыстар мен Ферғана аңғарының кей жерлерінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Республиканың шөлді аймақтары мен оңтүстігінде жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы 30-35 градус шамасында, оңтүстікте 37 градусқа дейін ыстық болады.
9 июнь және 12-13 июнь күндері республика бойынша желдің жылдамдығы 13-18 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлерде шаң-тозаң болуы мүмкін.
Тау бөктерінде және таулы аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. 9 июньде жаңбыр жауады, кей жерлерде күшті болады. Топан-су тасқыны болуы мүмкін.
Ташкентте: бүгін, 9 июньде күннің екінші жартысында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел 3-8 м/с жылдамдықта еседі, 12-15 м/с күшейеді, кей жерлерде шаң-тозаң көтерілуі мүмкін. 10 июньде жауын-шашын күтілмейді.
11 июньде түнде және таңертең қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін, күндіз жауын-шашын күтілмейді. 12-13 июньде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Ауа температурасы 9-13 июньде түнде 21-23 градус, күндіз 33-35 градус астық болады.









