Тек таулы аймақтарда кей жерлерде жергілікті сипатқа ие қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.
Дүйсенбі мен сейсенбіде ауа температурасы 36-39 градус шамасында, оңтүстік пен шөлейтті аймақтарда 40-41 градусқа дейін ыстық болады.
Сәрсенбіден бастап және жұмыс аптасының соңына дейін ауа температурасы 2-3 градусқа көтеріледі, күндіз 38-41 градус және оңтүстік және шөлейт аумақтарда 42-43 градус ыстық болады деп күтілуде.
Жел 7-12 м/с жылдамдықпен соғады, кей жерлерде 13-18 м/с-қа дейін күшейеді, шаң-тозаң басу байқалады.
Астанамызда: 22-25 июль күндері күн бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ауа температурасы күндіз 36-38 градус жылы болады, аптаның соңына қарай біртіндеп 39-41 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Өзбекстанның Гидрометеорологиялық қызметінің агенттігі.