баннер
1 Apr 2025
07:07

    Тұрғын үй және ипотека базары одан әрі дамиды

    Өзбекстан Республикасы Президентінің «Тұрғын үй-ипотека базарын одан әрі дамытуға қатысты қосымша іс-шаралар туралы» жарлығы (ПФ-26-санды, 21.02.2025 ж.) қабылданды.

    Жарлыққа сәйкес, 2025 жылы базар қағидаттарына негізделген ипотекалық несиелер арқылы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасының негізгі бағыттары етіп төмендегілер белгіленді:

    өңірлерде жалпы ауданы 8,1 млн шаршы метр болатын 135 мың көппәтерлі тұрғын үй құрылысы;

    ипотекалық несиелер бойынша бастапқы жарна мен пайыздық төлемдердің бір бөлігін жабу үшін субсидиялар санын 1,5 есеге арттыру және осы мақсаттарға Мемлекеттік бюджеттен 2,5 триллион сумды бағыттау;

    тұрғын үй-ипотекалық базарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету үшін 20,9 триллион сум көлемінде ипотекалық несиелер бөлу;

    «Жаңа Өзбекстан» және басқа массивтердегі көп пәтерлі тұрғын үйлер құрылысымен айналысатын құрылыс ұйымдарын айналым қаражатымен қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік бюджеттен 700 миллиард сум және коммерциялық банктердің өз қаржысы есебінен 3,0 триллион сум көлеміндегі қаржыны бағыттау.

    2025 жылы «Жаңа Өзбекстан» және басқа да массивтерде көппәтерлі тұрғын үй құрудың мақсатты көрсеткіштері бекітілді.

    2025 жылдың 1 мартынан бастап «Жаңа Өзбекстан» массивтері үшін жаңа аумақтар урбанизация қағидаттарына сәйкес таңдалады.

    No date selected
    April 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech