«Тұрғын үйдің бірыңғай өмірлік циклі» қағидаты енгізілуде

    2025 жылдың 1июлінен бастап нысандарды құруда үлескерлердің ақшалай қаражатын тарту тек кадастрлық органдарда мемлекеттік тіркеуден өткізілген, нотариалды бекітілген үлестік қатысу негізінде құрылыс салу шарты негізінде жүзеге асырылады.

    Президент 27.01.2025 жылдағы «Тұрғын үй құрылысы саласын одан әрі дамыту және тұрғын үй және тұрғын үй емес нысандарды үлес енгізу негізінде құрылыс үдерістерін реттеу маханизмдерін жетілдіру іс-шаралары туралы» ПФ-11-санды Жарлыққа қол қойды.

    Тұрғын үй және тұрғын үй емес нысандарды үлестің қатысуы негізінде салу үдерісінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне кепілдік беру мақсатында «Тұрғын үйдің бірыңғай өмірлік циклі» қағидаты енгізіліп, ол мыналарды көздейді:

    • үлестік салымдар негізінде тұрғын үй және тұрғын үй емес нысандарды салу үдерісінде жеке және заңды тұлғалардың (үлескерлердің) құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
    • қолда бар жер ресурстарынан тиімді (интенсивті) пайдалана отырып, тұрғын үй құрылысын ұйымдастыру;
    • тұрғын үй құрылысы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімін қысқарту;
    • үлестік салым және ипотекалық несие негізінде тұрғын үй сатып алудың сенімді және тиімді мүмкіндігін жасау;
    • тұрғын үй құрылысында энергия үнемдейтін құрылыс материалдарын қолдануды кеңінен насихаттау.

    «Тұрғын үй құрылысының бірыңғай өмірлік циклі» қағидаты аясында 2025 жылғы 1 июлінен бастап құрылыс-мердігер ұйымдары, девелоперлер және тапсырыс берушілер (құрылыс салушылар) тарапынан нысандарды құруда үлескерлердің қаражатын тарту тек кадастрлық органдарында мемлекеттік тіркелген, нотариалды бекітілген үлестік қатысу негізіндегі құрылыс келісімшартына негізделіп жүзеге асырылады.

    Бұл ретте, үлескердің қатысу келісімшарты мемлекеттік тіркелген күннен бастап құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған нысанды тараптар бірге пайдалануға рұқсат берілгенге дейін:

    үлесті қатысу келісімшарты бойынша үлескердің талап ету құқығын басқа тұлғаға беруге, сондай-ақ үлесті қатысу келісімшартын кепіл ретінде қабылдауға жол беріледі және ол кадастрлық органдарында тіркеуден өткізіледі;

    Үлесті қатысу келісімшартына негізделген мүліктік құқықтық және міндеттер үлескердің мұрагерлік құрамына кіреді.

    Үлестік қатысу келісімшарты бойынша қаражылар оларды есепке алу үшін үлескер тарапынан банктегі эскроу есеп-шотына орналастырады және депоненттеледі. Бұл ретте, үлескерлердің үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелеріне және құрылыс салушының міндеттемелеріне байланысты эскроу есеп-шотындағы қаражатты тоқтата тұруға, қамауға алуға немесе есептен шығаруға жол берілмейді.

    Нысандырды құру бойынша жұмысшыларды қаржыландыру құрылысшының өз қаржысы немесе коммерциялық банктердің жобалық қаржыландыру арқылы берген несиелері есебінен жүзеге асырылады.

    Сондай-ақ, бірінші кезеңде нысанды құру бойынша жалпы жұмыс көлемінің кемінде 30 пайызын өз қаржысы есебінен орындағаннан кейін коммерциялық банк құрылысшыға мақсатты несие бөлу жүйесін енгізуде.

    Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін нысанды пайдалануға беруге рұқсат берілгеннен соң эскроу есеп-шотына депоненттелген қаржылар банктің құрылысқа және құрушыға бөлінген несиесін жоюға бағытталады, ал қалған бөлігі құрылыс салушыға беріледі.

    2025 жылғы 1 июлінен бастап 2025 жылғы 31 декабрьге дейінгі кезеңде құрылыс үшін үлескерлердің қаражатын құрылысқа тарту тараптардың таңдауы бойынша эскроу есеп-шоттары арқылы және бүгінгі күні қолданыстағы тікелей тарту механизмі негізінде үлеске қатысу тәртібімен қатар жүргізілетін болады.

    Құжат Заң құжаттары мәліметтерінің ұлттық базасында жарияланған және 01.02.2025 жылы күшке енді.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates