Ұялы байланыс виртуалды операторлары және телерадиоарналарына мемлекеттік бажды төлеуде жеңілдіктер беріледі

    Цифрландыру 2 Iyun 2023 1022

    Сенаттың қырық бірінші жалпы мәжілісінде “Телекоммуникациялар салада кейбір қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік баж көлемдерін үйлестіруге қатысты «Мемлекеттік баж туралы» Өзбекстан Республикасының Заңына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заң қаралды.

    Заңмен ұялы байланыс виртуалды операторлардың (провайдерлердің) қызметін кеңейту мақсатында олар тарапынан радиотелефон (ұялы) байланыс желілерінің қызметтерін көрсету нәтижесінде олардан алынатын мемлекеттік баждың көлемін азайтады.

    Осы салада жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілері тарапынан базалық есептеу мөлшерінің 25 000 есесі мөлшерінде мемлекеттік баж өндірілуі белгілеп қойылды.

    Бұл ретте, егер ұялы байланыстың виртуалды операторы тарапынан кезектегі жылдық мемлекеттік бажды төлеу кезеңінен бұрынғы қаржы жылында көрсетілген жылжымалы радиотелефон (ұялы) байланыс желісі қызметтерінің құны базалық есептеу мөлшерінен 1,5 миллион еседен асқан жағдайда, осы ұялы байланыс виртуалды операторы табыстың 1 пайызы мөлшерінде қосымша мемлекеттік баж төлеу керектігі белгіленуде.

    Ақпарат үшін айта кетейік, бүгінде республикамызда жеке телекоммуникация желісі бар 5 ұялы байланыс базалық операторы қызмет көрсетуде. Радиожиілік ресурсы жоқ 1 виртуалды ұялы байланыс операторы бар.

    Сенаторлардың айтуынша, Заңның қабылдануы нәтижесінде ұялы байланыс виртуалды операторлардың қызметін кеңейтіп, олардың жұмыс істеуі үшін әділ бәсекелестік ортаны жаратуға мүмкіндік жасалады.

    Сенат Төрайымының айтуынша, бұл Заңды және саладағы кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға және бар проблемаларды шешуге бағытталған келесі қадам деп көруге болады.

    Атап айтқанда, өзін тәуелсіз байланыс желісіне ие болмаған ұялы байланыс виртуалды операторларды (провайдерлерді) лицензия бергендігі үшін мемлекеттік баж мөлшерінің жоғары екені аталмыш салада кәсіпкерлік қызметі базар ережелері негізінде дамуын шектейді.

    Мемлекеттік бажды айтарлықтай төмендету, саладағы кәсіпкерлердің еркінде қосымша қаржылары болумен бірге, берілген жеңілдіктер виртуалды ұялы байланыс базарының инвестициялық тартымдылығын арттыруға және елімізге жаңа шетелдік инвестицияларды енгізу арқылы телекоммуникация желілерін жаңғыртуға мүмкіндік береді.

    Бұл ынталандыру шаралары арқылы кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдіктер жасалып, жеке телерадиоарналар құрылуына, телебағдарламаларды сапалы контентпен толтырады.

    Талдауларға орай, өңірлердегі жекеменшік телеарна мен радиоарналар өздерінің теле-радио бағдарламаларын эфирге таратуда және материалдық-техникалық базасын заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтауда біршама қаржылық қиындықтарға тап болуда.

    Сондықтан, Заңға сәйкес телерадио хабарларын тарату (көрсету) желілерін жобалау, көрсету, оларды пайдалану және қызметтерін көрсету үшін төленетін мемлекеттік баж мөлшерлері 50 пайызға төмендетіледі.

    Бұл теле-радиоарналардың қаржылық мүмкіндіктерін жақсартуға, яғни 4,1 миллиард сумға жуық ақшалай қаржыларды жеке теле-радио хабарларын тарату субъектілерінің қызметін дамытуға қол жеткізілді.

    Заңмен мемлекеттік бажды өндіріп алуда қосымша жеңілдік қарастырылған, оған сәйкес жылдық мемлекеттік баждың мөлшері тең түрде жылдың әр тоқсанда бөлінген түрде төлеу механизмі жасалады.

    Сенаторлар бұл Заңның қабылдануы кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдік берумен бірге, жеке теле-радиоарналарды ұйымдастыруға және телебағдарламаларды сапалы контентпен толықтыруға қызмет ететінін атап өтті, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Қызу пікірталастардан кейін Заңды сенаторлар мақұлдады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates