UzAuto Қазақстанда 500 миллион доллардан астам келісімдер жасады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтың Нұр-Сұлтанға мемлекеттік іссапары аясында өткен Қазақстан-Өзбекстан Іскерлер кеңесінің IV отырысында «Узавтосаноат» АҚ машинажасау саласында 500 миллион доллардан астам екіжақты келісулерге қол жеткізді.

    Атап айтқанда, Өзбекстан мен Қазақстанның екі жетекші машинажасау компаниясы – «Узавтосаноат» АҚ мен «Aллур» компаниялар тобы ортасында «SaryarkaAvtoProm» Қостанай зауытында Chevrolet жеңіл автомобильдерін шағын түйінді (SKD) шығаруды ұйымдастыруды көздейтін ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне көшуге келісті. Жобаны жүзеге асыру үшін 65 миллион доллар инвестиция жоспарланған.

    Қазақстандағы Chevrolet автокөліктеріне тұтынушылардың жоғары сұранысын ескере отырып, Қазақстан Республикасында осы автокөліктерді шығару жобасын жүзеге асыруда ынтымақтастықты одан әрі дамытуға екі жақтың да мүддесі бар.

    Келісімдер аясында, «СарыарқаАвтоПром» акционерлік қоғам негізінде заманалық жоғары технологиялық өндірісті іске қосу жоспарланған болып, екі елдің экономикасын жергіліктендіру мен экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Екі компанияның инвестициялық-экономикалық қызметін қолдау бойынша қол жеткізілген келісімдер кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

    Сондай-ақ, Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты кеңейту аясында «Узавтосаноат» Қазақстанның автотранспорт өндіруші «Қазтехна» ЖШҚ- мен 15 миллион долларлық келісімшартқа отырды. Қазақстанда шығарылатын өнімдердің ассортиментін кеңейту мақсатында «Қазтехна» базасында SINOTRUK HOWO жүк көліктерін шығару жолға қойылады.

    Қазақстандық компаниялармен қол жеткізілген бірқатар келісімдер ауыл шаруашылығы техникасы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту де бар. «Узавтосаноат» мен «Агромашхолдинг KZ» АҚ ортасында Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы техникасын, соның ішінде тракторларды өндіру мен сатуды дамыту бойынша 15 миллион долларлық стратегиялық серіктестік келісімшарты жасалды.

    Машина жасаудың негізгі бағыттарынан тыс, Қазақстан компанияларымен де Өзбекстан Республикасының автомобиль нарығына заманауи цифрлық шешімдерді енгізу бойынша 50 миллион долларға келісімдерге қол жеткізілді.

    Айта кету керек, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның бірқатар табысты жобалары бар. 2020 жылдың март айынан бастап UzAuto Motorsпен бірге Қостанайда Chevrolet маркалы автокөліктерін шығару жолға қойылған болса, ал биылғы жылы SariarqaAvtoProm SamAuto компаниясымен бірлесіп SAZ LE 60 төмен еденді автобустар шығаруда.

    Сонымен қатар, 2019 жылдың октябрь айынан бастап UzAuto Motors шығарған автокөліктер Қазақстандағы ең көп сатылатын автомобильдер рейтингінде жетекші орынға ие, деп хабарлайды «Узавтосаноат» АҚ баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates