UzAuto Trailer Ресей компаниясына сатылды

    UzAuto Trailer жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлестің 100 пайызы Ресейдің (Татарстан) «Химград» технополисі өнеркәсіп паркіне 561,1 миллиард сумға сатылды. Бұл туралы Мемлекеттік активтерді басқару агенттігі хабарлады.

    Сату кезінде «Mosaic Financial» консалтингтік компаниясы жекешелендіру бойынша консултант міндеті атқарғаны атап өтілген. Кәсіпорынды тәуелсіз “PricewaterhouseCoopers” халықаралық бағалаушы компаниясы жүргізді.

    Кәсіпорынды Еуропа, ТМД және Өзбекстандағы инвесторлардан сатып алу бойынша қызығу туралы 6 өтініш (Express of Interest) түскен.

    Өтініш берушілер жекешелендіру үдерісіне қатысуға тыйым салатын әкімшілік, төрелік немесе басқа да сот үдерістерінің жоқтығы, сондай-ақ Еуропа Одағы мен Америка Құрама Штаттарының және ірі халықаралық қаржы институттарының санксиялары тізіміне енгізілмегені туралы үйренілген.

    «Химград» технополис өнеркәсіп паркі – Қазан қаласында орналасқан өнеркәсіп паркі.

    Жалпы көлемі 131 гектар, ғимараттар мен кешеннің жобалық алаңы 500 мың шаршы метрден асады. Өнеркәсіп парктің резиденттері төмен тонналы химия, полимерлерді қайта өңдеу, нанотехнологиялар, ресурстарды үнемдеу және энергия тиімділігі, медициналық технологиямен айналысатын шағын және орта бизнес субъектілері саналады.

    Үстіміздегі жылдың март айында Ташкент облысының Шыршық қаласындағы «Чирчик» химия-өнеркәсіптік технопаркі «Химград» технополисімен бірге құрылды.

    UzAuto Trailer кәсіпорны 2012 жылы 4 июнінде Самарқант облысының Жомбой ауданында құрылған. Кәсіпорында тіркеме техникалары мен түрлі жүк автомобилдері (шасси) үшін аспа техникаларын өндіреді.

    Кәсіпорынның жобалық қуаты 3 мың данаға дейін: 2 мың дана жартылай тіркеме және бір мың дана аспалы техника, Экономиканың түрлі салаларын қамтамасыз ету үшін кең ауқымды автомобиль техникаларын сонымен қатар самосвал кузовты, жартылай тіркемелерді, контейнер тасымалдаушыларды, тентті кузовтар, изотермиялық жартылай тіркемелер мен фургондар жасап шығаруға бейімделген.

    Сондай-ақ кәсіпорынның жарғылық капиталы 156,3 миллиард сумды құрайды. 2021 жылдың пайдасы 626,2 миллиард сум, таза пайдасы 53 миллиард сум.