Қолданыстағы Еңбек кодексінің 228-1-бабына сәйкес, бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істейтін үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге жұмыс уақтының аптасына отыз бес сағаттан аспайтын қысқартылған мерзімі белгіленуі қажет. Жұмыс уақытының қысқартылған мерзімі кезінде әйелдер еңбегіне жалақы төлеу төмендемейді деп, жазуда ресми дереккөз.
Қолданыстағы Еңбек кодексінің 229-бабына сәйкес, он төрт жасқа толмаған баласы (он алты жасқа толмаған мүгедек баласы) бар әйелдің, сондай-ақ қамқорлығында осындай баласы бар әйелдiң немесе жанұяның науқас мүшесін бағумен шұғылданған тұлғаның өтiнiшi бойынша, жұмыс беруші медициналық қорытындыға сәйкес, оларға толық емес жұмыс күнін немесе толық емес жұмыс аптасын белгілеуге міндетті.
Осы Кодекстiң 231-бабына сәйкес, он төрт жасқа толмаған бiр немесе одан да көп баланы (он алты жасқа дейiнгi мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты әкеге, жалғызбасты анаға ( жесiрлер әйелдер, жесір ерлер, ажырасқан, жалғызбасты аналар) және мерзімді әскери қызметті өтеп жүрген әскери қызметшiлердің әйелдеріне жылдық демалыстар олардың қалауы бойынша жазда немесе өздеріне қолайлы кез келген басқа уақытта беріледі.
Сонымен қатар, перзенттері демалыста болған кезде ата-аналар үшін олардың жұмыс берушілеріне:
жылдық еңбек еңбек демалысын осы уақытта беруі;
келісім бойынша еңбекақы саналмаған демалыс беруі;
ыңғайлы жұмыс уақытында немесе қашықтықтан жұмыс істеу режимінде істеуге рұқсат беру және ресімдеу ұсынылады.