Өзбекстан Президенті «Uzbekistan GTL» зауытына барды

    Билік 25 Dekabr 2021 7681

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 25 желтоқсанда Қашқадария облысындағы «Uzbekistan GTL» зауытына барды.

    Бұл жер бірнеше жыл бұрын құрғақ шөл болатын. Мұнда аз ғана уақыттың ішінде алып кәсіпорын, химиялық кластер құрылды. Оның құрылысы 2017, 2018 жылдары Мемлекет басшысының тікелей қадағалауымен құрылыс жұмыстары жүргізіліп, соңғы жылдардағы пандемия жағдайында да жұмыс үзіліссіз жалғасты және зауыт бүгін аяқталды.

    Шавкат Мирзияев кешенді аралап, технологиялық жағдайымен танысты.

    Зауыт құны жағынан да, ауқымы жағынан да үлкен. Оның құны 3 миллиард 420 мың АҚШ долларын құрайды, ғимараттардың ауданы 135 гектар. Құрылысқа бір мезетте 13 мыңнан астам инженер мен жұмысшы жұмылдырылғаны мұнда қаншалықты ауқымды жұмыстардың атқарылғанын көрсетеді.

    Әзірге мұндай үлкен кешен әлемнің төрт елінде – Қатар, Нигерия, Оңтүстік Африка және Малайзияда ғана салынған.

    Зауытта Жапония, Корея, Сингапур, АҚШ, Германия, Италия, Ұлыбритания, Ресей, Қытай сияқты 24 елдің 130-ға жуық жетекші кәсіпорындары шығарған 10 мыңнан астам құрал-жабдықтармен жабдықталған. Технологиялық шешімдерді, жабдықтар мен процестерді қолдану үшін 140 халықаралық лицензиялар мен патенттер алынды. Олардың көпшілігі әлемде бірегей және өзгеше.

    Зауыт жылына 3,6 миллиард текше метр табиғи газды өңдеп, 307 мың тонна авиакеросин, 724 мың тонна дизельдік отыны, 437 мың тонна нафта, 53 мың тонна сұйытылған газ өндіру қуатына ие. Кешеннің бес режимде жұмыс істеуіне технологиялық мүмкіндік те жеткілікті. Тауарға тапсырыстар неғұрлым көп болса, сол өнімнің көлемі де соғұрлым жоғары болады.

    Президент шенеуніктерге геологиялық барлау жұмыстарын тереңдетіп, мұндағы зауыттардың шикізат қорын кеңейтуді тапсырды.

    – Бұл салада әлі талай жоспарларымыз бар. Оларға кепілдендірілген шикізат қажет. Алдындары кенді тауып, сататынбыз. Енді өзімізді қайта өңдеп, халқымызға пайдасын тигізуге тырысамыз. Алдағы уақытта мұндағы өнімге сұраныс артады. Әлем «жасыл экономикаға» көшуде. Сондықтан жаңа геофизикалық қондырғыларды пайдалана отырып, геологиялық зерттеулерді тереңдету қажет, – деді Шавкат Мирзияев.

    Мемлекет басшысы зауыттың басқару орталығында болды. Онда өндіріс, мониторинг және қауіпсіздіктің бүкіл жүйесі басқарылады. Оны американдық Honeywell корпорациясында білімін жетілдірген жастар қадағалауда.

    – Сіздің заманауи білім алып, шет тілдерін меңгеріп, шетелде тәжірибе жинақтап, осындай кәсіпорында жұмыс істеп жатқаныңызды көргеніме өте қуаныштымын. Сіздің біліміңіз - ең үлкен байлығыңыз. Міне қазір қарақалпақстандық жас оператормен сөйлестім: айлығым 15 миллион сум дейді. Осындай жастарымыздың көбейгенін қалаймын. Ол үшін басқада достарыңызды ғылым мен қолөнерге ынталандырып, олардың соған баулыңыз.

    Заманауи зертханалық және техникалық сумен жабдықтау нысаны да көзден кешірілді. Зауыт төңірегінде өндірісті сателлит негізінде дамыту, жұмысшыларға арналған тұрғын үйлер, спорт және мәдениет нысандарын салу жөнінде тапсырмалар берілді.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates