«Uzbekistan GTL» өнімдері Қытайда көрмеге қойылды

    Өнеркәсіп 18 Sentabr 2023 1076

    «Узбекнефтгаз» АҚ қарамағындағы “Uzbekistan GTL” зауытының қызметкерлерінен құралған делегация Қытай Халық Республикасының Гансу провинциясында өткен «Finechem China 2023 International Fine Chemical Industry Expo» көрмесіне қатысты.

    Бұл халықаралық көрме мұнай-газ кәсіпорындарына арналған озық технологиялар мен жабдықтармен танысуға, іскерлік байланыс орнатуға, жетекші шетелдік компаниялар арасында тәжірибе алмасуға бағытталған. Оған әлемнің жетекші компанияларынан 400-ден астам өкіл қатысты.

    Өзбекстанға арналған павильонға «Uzbekistan GTL» компаниясының өнімдері қойылып, зауыттың өндірістік қуаттары мен алдағы жоспарланған жобалары туралы ақпарат ұсынылды.

    Шара аясында «Узбекнефтгаз» АҚ өкілдері «Rezel Catalysts Corporation» және «Glory Now Energy» кәсіпорындарымен химиялық өнімдерді жергіліктендіру бойынша Өзбекстанда кездесу өткізуге келісті.

    Сондай-ақ «Uzbekistan GTL» зауытының нафта өнімдеріне қызығушылық танытқан Қытайдың «Lexiang Petrochemical» және «Jinyingchem» кәсіпорындарының өкілдерімен өзара пікір алмасылды.

    Делегация мүшелері Қытайдың «Lanzhou Lan PumpCo Ltd» зауытының сорғы шығаратын алаңдарын да аралады, деп хабарлайды «Узбекнефтгаз» АҚ баспасөз қызметі “Uzbekistan GTL” ЖШҚ ақпаратына сілтеме жасап.