«Uzbekistan GTL» зауытын Беларусь делегациясы мойындады

    Қашқадария облысының Инвестициялар және сыртқы сауда басқармасы Беларусь делегациясының Ғузор ауданындағы Uzbekistan GTL зауытына сапары ұйымдастырылды.

    Сапар барысында компанияның өндірістік қуаты, онда орнатылған заманалық қондырғылар жан-жақты таныстырылып, өндірістік кооперация жобаларын бірге жүзеге асыру мүмкіндіктері қаралды.

    Uzbekistan GTL «Узбекнефтгаз» АҚ құрамына кіретін кәсіпорын әрі әлемдегі ең ірі және ең озық зауыттардың бірі болып табылады. Жоба Өзбекстанның табиғи газды терең қайта өңдеу қуатын айтарлықтай деңгейде кеңейтуге және көмірсутек шикізатының импортын күрт азайтуға бағытталған.

    Беларусь Республикасының Витебск облысының делегациясы зауыттағы өндірістік үдерісін ұйымдастырудың тиімділігін, онда орнатылған жабдықты, өндірілетін өнімнің сапасы мен көлемін жоғары бағалап, мұндай кәсіпорынның заманалық Өзбекстан тарихындағы жаңа беттерін ашып бергені айтылды, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates