«Узун» темір жол вокзалы пайдалануға берілді

    Ел назарында 28 Dekabr 2023 2109

    Сұрхандария облысының Узун ауданында жаңадан салынып біткен «Узун» темір жол вокзалы пайдалануға берілді.

    Осыған орай ұйымдастырылған шарада «O‘ztemiryo‘lyo‘lovchi» акционерлік қоғамының бас директоры Шарофиддин Қодиров, «Термиз аумақтық темір жол торабы» унитарлық кәсіпорнының басшысы Фарход Ғиясов, Узун ауданы әкімінің кеңесшісі, Нұрани қорының төрағасы Мирбобо Тошбоев, еңбек ардагерлері, темір жол мамандары және БАҚ өкілдері қатысты. Шарада сөз сөйлегендер, осы зәулім вокзал ғимаратын Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан тұрғындарына, жаңа жылдық сыйлық ретінде тарту етілгеніне тоқталды.

    Еліміздің ең көрікті, қайталанбас табиғатқа ие Узун ауданы теңіз деңгейінен 1мың 523 метр биіктікте облыстың әкімшілік орталығы Терміз қаласынан 180 шақырымдай жерде орналасқан. Аумақ тұрғындары үшін темір жол негізгі көлік түрлерінің бірі. «Узун» темір жол вокзалының пайдалануға берілуі осы аудан мен тұтасқан аумақтарда жасайты халықты еліміздің астанасымен және басқа да облыстармен байланыстыруға қызмет етеді.

    Өткен уақыт барысында вокзалда жөндеу жұмыстарының жүргізілмегені және оны пайдаланатын жолаушылар санының жылдан-жылға артуына байланысты халыққа сапалы әрі сенімді қызмет көрсетуде қиындықтар туындаған еді. Сондықтан вокзалды қайта құру, кеңейту мен жолаушыларға жан-жақты заманалық жағдай жасау қажеттілігі туындады.

    – Бұрынғы вокзал 40-50 жолаушыға ғана қызмет көрсететін, заманауи қолайлылық болмаған еді, – дейді «Узунн» вокзалының басшысы Ботир Мирзоқулов. – Мұқият жоба негізінде салынған заманауи вокзалда жолаушыларға барлық жағдай ескерілген. Атап айтқанда, бір мезеттің өзінде 100-150 жолаушыны қабылдай алатын және кез келген ауа райы жағдайында қалыпты температураға ие күту залы, заманалық демалыс бөлмелері, электронды ақпараттық табло, билет кассасы, ана мен бала және медициналық пункт бөлмелері бар. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, ағымдағы жылдың 11 декабрінен бастап әр күні «Ташкент – Сариосия – Ташкент» жолаушылар пойызы жолға қойылғаны ауманымыз тұрғындары мен бұл жерге келіп-кетушілерге үлкен қолайлылықтар жасалған.

    «Тоштемирйуллойиха» жауапкершілігі шектеулі қоғамның мамандары дайындаған жоба бойынша салынған «Өзбекстан темір жолдары» акционерлік қоғамының қаржысына салынған бұл екі қабатты вокзал ғимараты өзіндік ұлттық және заманауи үйлесім тауып, сапалы құрылыс өнімдерімен мықты салынған. Электр орталықтандырылған постпен қосылған темір жол вокзалы, қазандық, трансформатор станциясы, жолаушыларға арналған платформа, қойма, автотұрақ салынды. Сонымен қатар темір жол кассасы мен бақылау-өткізу пункті де құрылды. Вокзалдың айналасы, сырты мен ішкі бөліміне ұлттық салт-дәстүрімізбен безендіріліп, күту, демалыс және жуыну бөлмелері заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Ең бастысы, зәулім жаңа ғимарат ауданға жаңа келбет берді.

    Илхом Рахматов,

    «Янги Ўзбекистон» тілшісі.