Лого Лого-пв-уз

    Ташкенттегі ІТ-паркте жаңа ғимараттар пайдалануға берілді

    Билік 27 Avgust 2022 2528

    27 тамызда Президент Шавкат Мирзияев бағдарламалық өнімдер мен ақпараттық технологиялар технопаркінде салынған жаңа ғимараттарды аралады.

    Мемлекет басшысы 2019 жылдың 20 қарашасында бұл кешен құрылысының іргетасын қалап, өткен жылдың желтоқсан айында құрылыс жұмыстарымен танысқан болатын. Бүгінде 20, 22, 25 қабатты ғимаратттар мен конференция залы салынып бітті.

    Өзбекстанда ақпараттық технологияларды дамытуға ерекше мән берілуде. Соңғы 5 жылда салаға 2 млрд доллар бағытталды, оның ішінде 700 млн доллар тікелей инвестиция. Барлық өңірлерде ІТ-парктер ашылып, олар үшін арнайы салық режимі енгізілді. Осы арқылы 14 мың жас жоғары табысы бар жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, саладағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған мамандардың саны 43 мыңға жетті.

    Биылдың өзінде республикада 134 жаңа IT-компания, оның ішінде 50 шетелдік компания құрылып, экспорттаушы кәсіпорындар саны екі есеге артты.

    Ташкент қаласының Мырзо Ұлықбек ауданында орналасқан Бағдарламалық өнімдер мен ақпараттық технологиялар технопаркі бұл жағынан көш бастап тұр. Ол алғаш рет екі қабатты ғимаратта ашылды. Бүгінде зәулім ғимарат керемет кешенге айналды.

    Бұл ІТ-парктің резиденттері мен қызмет түрлері көбейіп келеді. Биылғы жылдың 6 айында олар 53 млн доллардың қызметін экспорттаған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 100 млн доллардан асады деп күтілуде.

    Мемлекет басшысы «Алоқабанк» және «Узбектелеком» АҚ ғимаратында болып ондағы жағдаймен танысты. Нысанның төменгі қабатында тұтынушыларға қызмет көрсету кеңсесі орналасқан. Жоғарғы қабаттар IT кәсіпорындарына арналған. Сондай-ақ жертөледе 3 мың көлікке арналған 3 қабатты автотұрақ бар.

    ІТ-парк құрылысы 2 кезеңде жүргізілуде. Мұнда барлығы 17 ғимарат салынады. Саладағы ұйымдар, университет, коворкинг орталық өзара іс-әрекетті жүзеге асырады. Сондай-ақ кешен аумағында қызмет көрсету үйлері, қонақ үй, дәмхана мен мейрамханалар, дүкендер, спорт алаңы, демалыс орындары болады.

    Осы жерде «Узсувтаминот» акционерлік компаниясында енгізілген автоматты есептеу жүйесі, Жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметінің электронды жүйелерін одан әрі жетілдіру жобасы туралы ақпарат берілді.

    No date selected
    December 2022
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates