Президент Ташкентте жаңадан ашылған су спорты сарайына барды

    Билік 7 Iyun 2024 2880

    Президент Шавкат Мирзиёев Ташкент қаласының «Яккасарой» ауданында салынған су спорты сарайының қызметімен танысты.

    Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясына тиесілі бұл кешен су спорты дамыған елдердің тәжірибесі негізінде салынған. Бір тартымды тұсы, мұнда кәсіпқой спортшыларға да, әуесқойларға да жағдай жасалған.

    50 метрлік бассейн мен 500 орындық көрерменге арналған үлкен залда халықаралық жарыстар мен ұлттық құрамамыздың оқу-жаттығу жиындарын өткізуге заманауи жағдай жасалған. Балалар биіктікке секіруде және шағын бассейндерде су спорт түрлерін үйренеді.

    Кешенде жастар, жұмыс топтары мен ардагерлер денсаулықтарын жақсартуына барлық жағдай жасалған. Мұнда бір уақыттың өзінде 100 адамға, күніне мыңнан астам адамға қызмет көрсету мүмкіндігіне ие.

    Екінші қабатта әкімшілік және жаттықтырушылар бөлмесі, конференция залы, жаттығу залы және спорт комментаторларына арналған арнайы бөлмелер бар.

    Кешен негізінде су спорт мектебі құрылған. Мемлекет басшысы мұнда жас спортшылардың дайындығын көрді. Олардың талпыныстарын қолдап, жоғары жетістіктерге жетуіне жігерлендірді.

    Биыл Париж қаласында өтетін жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына Өзбекстан кәсіподақтар федерациясы жүйесінен 13 спортшы лицензия алды. Мемлекет басшысы осы спортшылар және жаттықтырушылармен әңгімелесті.

    – Біз қалалар мен ауылдарда спорт кешендерін салып, оларды кеңінен насихаттауға үлкен назар аударып жатырмыз. Өйткені спортпен шұғылданған жастар кем болмайды, денсаулығы жақсы болып, балаларын да солай тәрбиелейді. Сіз сияқты кәсіби спортшылар жастарға мақтаныш әрі үлгі болады, - деді Шавкат Мирзиёев.

    No date selected
    June 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates