Алдымен «Ташкент жылыту орталығы» кәсіпорнының «Учтепа» ауданындағы жылу орталығына барды. Осыдан тура бір жыл бұрын Президент келгенде жағдай өте аянышты еді. Бұл орталық 1969 жылы салынған, содан бері күрделі жөндеу көрмеген. Қазандық та, желілер де ескірген еді. Өткен қыста ауа-райы суыған кезде жылу өндіру мәселесі қиын болды. Сондықтан Мемлекет басшысы желілерді жөндеу және тұрақтылығын арттыру жөнінде тапсырма берген болатын.
Осы реткі сапар аясында жауапты азаматтар ақпарат берді. Берілген тапсырмалар толығымен орындалған. Кешеннің жалпы қуаты 700 Гкал болатын қазандық мыңнан астам көпқабатты үй мен 400-ден астам әлеуметтік мекемені жылумен қамтамасыз етеді.
Биыл мазут зауыты мен қуат көзі салынып, екі қазандық – газ бен мазут аралас күйде жұмыс істеуге бейімделді. Нәтижесінде қазандық пен желі суық температурада да тұрақты жұмыс істейді. Мұндай жағдайларда резервтік мазут қолданылады. Құбырды оқшаулау күшейтілгендіктен жылу шығыны да азайған.
Мемлекет басшысы осында Ташкент қаласы мен «Учтепа» ауданының ресми өкілдерімен кездесті. Махалладағы жаңа «жетілік» жүйесінің қызметін тиімді жолға қою, әлеуметтік мәселелерді тұрғындардың сұранысына қарай шешу, халықтың көңілінен шығу қажет екені баса айтылды.
Әсіресе, қыс мезгіліне дайындық шараларын халық сезуі керек. Жылу орталықтары мен желілердегі орын алған проблемаларды тез арада жою, ғимараттар мен пәтерлердегі жылуды сақтау кезек күттірмейтін міндет екені айтылды.