Велосипедпен жүрудің денсаулыққа қандай пайдасы бар?

    Велосипедпен жүрудің денсаулыққа пайдасы өте көп. Бұл жаттығу фигураның дұрыс қалыптасуына ғана емес, дененің жалпы саулығына да оң әсер етеді.

    Төменде велосипедте жүрудің негізгі артықшылықтарына тоқталамыз.

    1. Жүрек-қан тамыры жүйесіне пайдасы.

    Бұл жаттығу жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметін жақсартуға көмектеседі. Атап айтқанда, жүрек соғуы мен қан қысымын қалыпқа келтіреді, ауыр жүрек ауруларының қаупін айтарлықтай дәрежеде төмендетеді.

    2. Бұлшық еттерді күшейтеді.

    Велосипедпен жүру буындар мен бұлшықеттерді күшейтеді. Өйткені бұл денедегі барлық бұлшықеттер белсенді түрде қозғалады және тонуста болады. Нәтижесінде жалпы физикалық күш пен төзімділік артады.

    3. Ас қорытуды жақсартады.

    Педаль айналдыру метаболизмді жылдамдатады және тәбетті ашады. Бұл жағдай ағзадағы зат алмасудың жақсарғанын білдіреді. Сондай-ақ метаболизмнің жылдамдауы тағамның тез қорытылуына және денеде майдың жиналмауына әкеледі. Бұл өз кезегінде артық салмақтан арылтады.

    4. Варикозды тамырлардың алдын алады.

    Варикозды тамырларға бейім адамдар үшін педалды айналдыру өте пайдалы. Осындай жаттығу кезінде қан тамырлар белсенді түрде айнала бастайды. Нәтижесінде варикозды тамырлардың алдын алады.

    5. Тірек-қимыл жүйессіне пайдасы.

    Велосипедпен жүру сүйек беріктігін жақсартады және артрит сияқты аурулардың қаупін айтарлықтай төмендетеді.

    Бұл физиалогиялық белсенділік ұйқының сапасына оң әсер етеді. Оның көмегімен сіз оңай ұйықтап, ұйқы кезінде жақсы демалуға болады. Сондай-ақ, үнемі педальды айналдыру денеде эндорфин гормондарын өндіруге көмектеседі. Бұл көңіл-күйді жақсартады және стрессті, депрессияны және алаңдаушылықты азайтуға көмектеседі.

    7. Иммунитетті күшейтеді.

    Бос уақытын үнемі велосипедпен өткізетін адамдар ағзаның инфекциялармен күресу қабілетін айтарлықтай арттырады. Осының арқасында велосипедшілер маусымдық вирустық аурулардан аз зардап шегеді.

    8. Қан айналымын жақсартады.

    Велосипедпен жүруді ұнататындар қан айналымын жақсартады және терінің күйі оң жаққа өзгереді. Себебі, таза ауада физикалық белсенділік қан айналымын, жасушаларды оттегімен және басқа да қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда токсиндер азаяды, коллаген мөлшері артады, терінің ерте қартаюының алдын алады. Нәтижесінде тері таза және сау көрінеді.

    Бір сөзбен айтқанда, велосипедпен жүруді күнделікті әдетке айналдыру арқылы салауатты және белсенді өмір салтына қол жеткізуге болады, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates