Венгриямен инвестициялық ынтымақтастық нығайып келеді

    Үстіміздегі жылдың 26-27 июль күндері Өзбекстан делегациясының Венгрияға сапары аясында Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов Экономикалық ынтымақтастық бойынша Өзбекстан-Венгрия үкіметаралық комиссиясының (ҮК) 8-жиналысында және оның аясында ұйымдастырылған біріккен бизнес-форумына қатысты, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесулер мен келіссөздер жүргізілді.

    ҮК жиналысында салалар кесімінде екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы динамикасы жан-жақты талданды. Екі елдің экономикасы бірін-бірі толықтырып отырғаны айтылды және осыған байланысты үстем бағыттарда өзара қарым-қатынастардың бар әлеуеті мен мүмкіндіктерін толық іске асыру үшін кезекті іс жүзіндік шаралар әзірленді.

    Кездесу аясында екі елдің іскер және ресми топтарының 200-ден астам өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өтті. Өзбекстан тарапы инвесторлардың қолайлы жұмыс істеуі үшін елімізде енгізілген шарттармен таныстырып, жаңа бірлескен жобалар мен бастамаларды жан-жақты қолдауға дайын екенін білдірді.

    Венгрияның Сыртқы істер министрі Петр Сийяртомен келіссөздер барысында Венгрия тарапы Өзбекстанмен достық пен тиімді екіжақты ынтымақтастықты нығайту бырсында екі ел басшыларының қатаң саяси ерік-жігерінің арқасында көпжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамуын жоғары бағалады.

    Сауда-экономикалық, инвестициялық және өнеркәсіптік салалардағы ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайы және оны дамыту болашақтары талқыланды. Тараптар инвестициялық қордың іске қосылуын құптады.

    Елдер арасындағы қарым-қатынасты жандандыру мақсатында тараптар Ташкент пен Будапешт қалалары арасында тікелей әуе қатынауын жолға қоюға, сондай-ақ өзара туристік ағынның өсуіне оң әсерін тигізетін визалық тәртіп қағидаттарын жеңілдетуге келісті.

    Сонымен қатар, сапар барысында Венгрияның жетекші компаниялар: KESH, Gedeon Richter, Meditop, Wizz Air, Bonafarm, Mall Group және Semmelweis University басшыларымен кездесулер өткізіліп, оның барысында бірқатар нақты келісімдерге қол жеткізілді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    Сапар соңында атап өтілгендей, Венгрия мен Өзбекстан үкіметтері мен іскер топтардың нақты іс жүзіндік нәтижелерге қол жеткізудегі күш-жігері қол жеткізілген келісімдерді нәтижелі жүзеге асыру және өзара тиімді Өзбекстан-Венгрия серіктестерін одан әрі кеңейту үшін берік негіз қалайды.