Мемлекет басшысы Венгрияның іскер топтарымен кездесу өткізді

    Билік 4 Oktabr 2022 4478

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Будапештте Венгрияның жетекші компаниялары және банк басшыларымен кездесу өткізді.

    Оған Венгрияның Экономикалық даму министрі Мартон Над, Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Ласло Парраг, «OTP Bank» төрағасы Шандор Чани, сондай-ақ «Gedeon Richter», «Bonafarm», «Wizz Air», «Raba Holding», «Meditop», «Master Good» және «Kite» сияқты жиырмаға жуық ірі компаниялар мен корпорация жетекшілері қатысты.

    Айта кету керек, Өзбекстан басшысының шетелге сапарлары кезінде кәсіпкерлермен ашық кездесулер өткізу дәстүрге айналған. Мұндай іс-шаралар тікелей байланыс орнатуға, Өзбекстанның сауда-экономикалық табыстарын ілгерілетуге, шетелдік инвесторларды өзара тиімді жобаларға тартуға қызмет етеді.

    Венгрия ауыл шаруашылығы, сауда, туризм, қаржы және ақпараттық технологиялар салаларында үлкен әлеуеті бар Еуропадағы ең жылдам дамып жатқан экономикалардың бірі болып табылады.

    Соңғы жылдары екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып, кейінгі 5 жылда тауар айналымы 3 есеге өсті. Бірлескен кәсіпорындар мен инвестиция көлемі артуда.

    Кездесуде фармацевтика, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, электроника және электротехника, химия, тоқыма, былғары өнеркәсібі және машина жасау өнеркәсібі сияқты салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды.

    Өзбекстанда экономиканың барлық салалары мен жүйелерін түбегейлі жақсартуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді.

    Мемлекет басшысы Өзбекстанның соңғы жылдардағы экономикалық саясатының негізгі нәтижелерін санамалап берді: валюта нарығы мен пайданы репатриациялау ырықтандыру, мемлекеттік активтер мен банктерді, индустриялық және инфрақұрылымдық нысандарды жекешелендіру бағдарламасы іске қосылды, салық жүйесі реформаланды.

    – Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясында кәсіпкерлерге барынша қолайлы жағдай жасау, еліміздегі шетелдік кәсіпкерлік қызметті кеңейту жұмыстарын жалғастыру көзделген. Ең бастысы, шетелдік бизнес біздің жаңартуларымызға сенді, - деді Шавкат Мирзияев.

    Жиында басым жобаларды қаржыландыру үшін бірлескен қор құрылып, оның тез арада жұмыс істей бастайтыны айтылды.

    Тек қана Венгрия компаниялары үшін жеке индустриялық аймақ құру және оны барлық қажетті өндірістік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету ұсынылды.

    Мемлекет басшысының пікірінше, болашақ бірлескен жобалар мен венгриялық әріптестердің ғылыми әзірлемелерін, конструкторлық инновациялары мен технологияларын қабылдау үлкен синергетикалық әсер береді.

    Президент Шавкат Мирзияев Венгрия делегациясының әр мүшесімен жеке сөйлесті. Нақты бірлескен жобалардың жоспарлары жан-жақты талқыланды. Өзбекстан тарапы венгриялық бизнесмендерге инвестициялық жоспарларын жүзеге асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екені атап өтілді.

    - Мен әрбір кәсіпкерді елімізге келуге және Өзбекстанның бүгінгі таңда инвестиция үшін ең жақсы жер екеніне көз жеткізуге шақырамын! – деді Президент.

    Венгрияның іскер топтарының өкілдері өз кезегінде Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформаларды жоғары бағалап, еліміздің нарығына шығуға және перспективалы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.

    Күні кеше Өзбекстан-Венгрия бизнес-форумында жалпы құны 1 млрд доллардан асатын инвестициялық, сауда-қаржылық келісімдерге қол қойылуы тараптардың ынтымақтастыққа мүдделілігінің тағы бір айқын дәлелі болды.

    Жиын соңында алға қойылған барлық жобаларды жүзеге асырудың нақты мерзімдері мен жауапты субъектілері көрсетілген кешенді «жол картасын» қабылдауға келісілді.

    Өзбекстанның министрліктері мен ведомстволарына венгриялық әріптестерге Өзбекстанда табысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға жан-жақты көмек көрсету тапсырылды.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates