Владимир Норов АҚШ елшісін қабылдады

    2022 жылғы 15 ноябрьде Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Норов Америка Құрама Штаттарының Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған Жонатан Дэвид Хэнникті қабылдады.

    Кездесу Министрге Елші тарапынан сенім грамоталарының көшірмелерін тапсыру рәсімімен басталды. Өз кезегінде В.Норов Елшіні лауазымды қызметке тағайындалуымен құттықтап, кәсіби қызметінде табыс тіледі.

    Сұхбат барысында бұрын қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру үдерісін, сондай-ақ екіжақты деңгейде және «5+1» формада алдағы уақытта болатын шаралар кестесі қаралды.

    Сауда-инвестициялық қарым-қатынастарды дамыту, сондай-ақ Өзбекстан экономикасына Америка капиталы мен технологияларын тарту, тоқымашылық, фармацевтика, энергетика, АКТ салаларында біріккен кәсіпорындар құру, қаржылық ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктері бар екені атап өтілді.

    Тараптар Ауғанстандағы жағдай жөнінде де пікір алмасты. Бұл елге халықаралық көмекті кеңейту қажеттігі айтылды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates