Владимир Норов Еуропа Одағының Ауғанстан бойынша арнайы өкілімен кездесті

    2022 жылғы 25 июльде Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Владимир Норов «Ауғанстан: қауіпсіздік және экономикалық даму» халықаралық конференциясына қатысу үшін елімізге сапармен келген ЕО-ның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Томас Никлассонмен кездесті.

    Т.Никлассонның айтуынша, Еуропа Одағы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтың Орталық Азияда достық, сенімді және өзара мүдделі ынтымақтастықты нығайту бойынша аймақтық саясаты мен бастамаларын жан-жақты қолдап-қуаттайды. Соның нәтижесінде аумақта қысқа мерзімде тарихи өзгерістер орын алып, жоғары деңгейдегі саяси диалог нығайып, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар кеңейе түсті.

    Өзбекстан мен Еуропа Одағының арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар Өзбекстан мен Еуропа Одағының арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы Келісімнің мақұлдануын құптады және бұл маңызды құжатқа тезірек қол қою қажеттігін атап өтті.

    Ауғанстандағы қазіргі жағдай туралы жан-жақты пікір алмасты.

    Т.Никлассон Брюссель Өзбекстанның ауған проблемасын шешудегі саяси-дипломатиялық іс-әрекеттері мен ерекше ұстанымын жоғары бағалайтынын айтты. Еуропа Одағының аймақтық күн тәртібі бойынша Ташкентпен тұрақты диалогты жалғастыруға мүдделі екені мәлімдеді.

    Еуропа тарапы Ауғанстан бойынша халықаралық конференцияның дер кезінде өткенін атап өтті. Шараға қатысушылардың жоғары деңгейі Өзбекстанның маңызды рөлі мен республиканың ауған проблемасын шешудегі іс-әрекеттерін мойындалғанын айғақтайтыны атап өтілді. Сондай-ақ бұл шара ресми Ташкент саясатының дәйектілігін, ауған жерінде бейбітшілік орнатуға зор үлес қосуға дайындығын көрсетеді. Осыған байланысты Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету бойынша халықаралық көп функционалды көлік-логистикалық хабтың қызметі жоғары бағаланды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.