И.Дарчиашвили Грузияның Премьер-министрі Иракли Гарибашвили басшылығындағы делегация құрамында келді.
Келіссөздер кезінде Грузияның Сыртқы істер министрі елімізде Жаңа Өзбекстанның Даму стратегиясы аясында жүзеге асырылған жүйелі іс-шараларды жоғары бағалады. Грузияның Өзбекстанмен барлық салада кең ауқымды ынтымақтастықты дамытуды қолдайтыны атап өтілді.
Тараптар мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылады. Саясат, экономика, көлік, туризм және мәдениет салаларындағы қарым-қатынастарды жеделдету бойынша нақты ұсыныстар қарастырылды.
Көлік және транзит саласында өзара ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуеті бар екені айтылды. Атап айтқанда, Өзбекстанның логистикалық орталықтары мен Грузияның теңіз порттарын тауарлардың экспорты мен импорт жасауда тиімді пайдаланудың, жүктерді тасымалдауда өзара шегірімдер мен жеңілдіктер берудің, Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказды байланыстыратын көлік дәліздері жүйесін құрудың нақты іс-шараларын жүзеге асыру маңыздылығы атап өтілді.
Тараптар халықаралық институттар аясындағы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екені айтылды.
Мәдени-гуманитарлық алмасуларды жеделдету мақсатында Өзбекстан мен Грузия мәдени және кино күндерін өткізуге, сондай-ақ біріккен ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізуге келісті.
Кездесу соңында Өзбекстан Республикасы мен Грузия Сыртқы істер министрліктері арасында 2022-2024 жылдарға арналған Ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.
****
Келіссөздердің нәтижелері Өзбекстан мен Грузияның сыртқы саяси кеңселері басшыларының БАҚ өкілдеріне арналған баяндамасында жарияланды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.