Оңтүстік Корея үкіметінің басшысы Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жылдан астам уақыт өткеніне тоқталып, бұл өзара түсіністік пен сенімнің, ынтымақтастықтың жоғары деңгейге көтерілгенін, серіктестік сауда, инвестиция, білім-ғылым және технологиялар және тағы басқа салалардағы белсенді қарқынмен көрінетінін тілге тиек етті.

Атап өткендей, Корей тарапы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтың 2021 жылғы декабрь айында  Сеулге жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді іс жүзіне асыруға үлкен көңіл бөлуде.

Корей тарапы екі ел арасындағы Еркін сауда туралы келісімді жасау бойынша келіссөздер үдерісін мүмкіндігінше тезірек аяқтаудың маңыздылығын білдірді.

Тараптар соңғы жылдары шын мәнінде стратегиялық сипатқа ие болған денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін өзара атап өтті.

Премьер-министр Корея компаниясының Өзбекстанда құрылған мақта-өнеркәсіптік кластерлер аясында тоқымашылық өнеркәсіп саласына қатысуға мүдделі екенін атап өтті, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Хан Док Судың айтуынша, Өзбекстанда соңғы жылдары жүзеге асырылған кең ауқымды демократиялық әлеуметтік-экономикалық реформалар, сондай-ақ кәсіпкерлікті ынталандыруға және іскерлік ортаны жақсартуға бағытталған заңдылықты жетілдіруге бағытталған іс-әрекеттер шетелдік инвесторлар үшін, сондай-ақ корейлер үшін де Өзбекстан базарында өз қатысуын кеңейтуге жақсы белгі саналады.