Халықаралық әуежайларда жасыл және қызыл дәліздер таратылды

    Енді жолаушылар қозғалысына әсер етпейтін жеке кедендік ресімдеу орны ұйымдастырылады.

    Бұл Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2023 жылғы 11 августағы 363-санды қаулысымен Үкіметтің 2017 жылғы 11 октябріндегі «Өзбекстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде екі жолақты жүйені қолдау тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 814-санды қаулысымен белгіленді.

    Онда кеден әкімшілігін жеңілдетуге бағытталған өзгерістер мен қосымшалар енгізілді, деп хабарлайды Мемлекеттік кеден комитетінің ресми ақпарат арнасы.

    Өзбекстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 27 апреліндегі «Кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» ПФ-122-санды Жарлығымен халықаралық әуежайлардың ұшу бағытында «қашықтықтан кедендік бақылау» (арнайы бөлінген жерлерден визуалды бақылауды жүзеге асыру арқылы) жүйесі енгізілген.

    Осыған байланысты енді, халықаралық әуежайлардың ұшып кету бағытында екі жолақты (жасыл және қызыл) жүйесі таратылды.

    Халықаралық әуежайдың ұшып кету бағытында жеке тұлғалардың кеден декларациясын ремилендіру және оларға кеден заңдылығы бойынша түсіндірмелер беру үшін жолаушылардың қозғалысына әсер етпейтін арнайы жеке кеден ресімдеу орны ұйымдастырылады.

    Кедендік ресімдеу орны мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тілінде «Божхана», «Таможня» және “Customs” деген сөздер жазылған арнайы графикалық белгімен белгіленеді.

    Қаулымен Өзбекстан Республикасының халықаралық әуежайларының ұшып кету пункттерінде қашықтан кедендік бақылау жүйесіне қойылатын талаптар айқындалды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates