Халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары марапатталды

    “Hyatt Regency Tashkent” қонақүйінің конференция залында ең беделді халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

    Шара барысында сөз сөйлегендер өз білімі және дарынымен әлемдік аренадағы ең беделді халықаралық пән олимпиадаларында тең құрбыларымен бәсекелескен, жүлделі орындарды иелеп, алтын, күміс, қола медалдарын алып келе жатқан жастарымыздың қатары кеңейгенін мақтанышпен тілге тиек етті.

    Марапаттау рәсімінде ең беделді халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына, сондай-ақ 2021-2022 оқу жылы барысында аймақтық халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлеріне және олардың ұстаздарына ақшалай сыйлықтар тапсырылды.

    Үстіміздегі жылдың июль айында еліміздің оқушылары ең беделді халықаралық олимпиадаларға қатысып, жалпы 6 медальға, одан 4-уі күміс, 2-і қола медаліне қол жеткізді.

    Бұдан тыс, өткен оқу жылы барысында оқушылар аймақтық халықаралық олимпиадаларда 39 медальді, одан 3 алтын, 13 күміс, 23 қола медалін иемденді.

    Ең беделді халықаралық олимпиадаларда, әсіресе, Қытайда (онлайн түрде) өткізілген 54-Халықаралық химия олимпиадасында 80 мемлекеттен 320 оқушы қатысты. Атап айтқанда, өзбекстандық оқушылар 4 күміс медальға қол жеткізді.

    Азимжон Жамолов - Ибн Сина мектебінің оқушысы күміс медаль;

    Шерзод Шайматов – Науаи қаласындағы 11- мектептің оқушысы күміс медаль;

    Мафтуна Бадалова - Ибн Сина мектебінің оқушысы күміс медаль;

    Икромиддин Боймаҳаммадов - Ибн Сина мектебінің оқушысы күміс медаль.

    Норвегиянинг Осло қаласында өткен 63-Халықаралық математика олимпиадасына 106 мемлекеттен 600 оқушы қатысты. Оқушымыз — Халықаралық математика мектебінің оқушысы Лазизбек Ражаббоев қола меделіне ие болды.

    Командалық есепте тарихымызда ең жақсы көрсеткіш 124 балл (алдыңғы ең жақсы көрсеткіш 2010 жылы 112 балл болған) алынды.

    Арменияның Ереван қаласында өткен 33-Халықаралық биология олимпиадасына 64 мемлекеттен 254 оқушы қатысты. Жерлесіміз Ташкент педиатриялық медициналық институттың жанындағы академиялық лицейдің оқушысы Азиза Абдувалиева қола медалінің иегері болды.

    Аймақтық халықаралық олимпиадаларға, соның ішінде 56-Халықаралық Менделеев химия олимпиадасына қатысқан 10 оқушымыздың барлығы жүлдегерлікті иемденді. Яғни, 1 алтын, 4 күміс, 5 қола медаліне ие болды.

    18-Халықаралық Жаутиков олимпиадасында оқушыларымыз 8 медаль – 2 күміс, сондай-ақ 6 қола медалін;

    7-Халықаралық Кавказ математика олимпиадасында оқушыларымыз 7 медаль – 1 алтын, 5 күміс және 1 қола медалін;

    28-Халықаралық математика жарысында оқушыларымыз 2 қола медалін;

    18-Халықаралық жастар медициналық ғылымдар олимпиадасында оқушыларымыз 4 қола медалін алды.

    Ахмед әл-Фарғани атындағы халықаралық физика олимпиадасында оқушыларымыз 8 медаль – 1 алтын, 2 күміс және 5 қола медалін алды.

    Шарада ең беделді халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына:

    күміс медаль жеңімпаздарына 90 миллион сум, оқутышысына 75 миллион сум;

    қола медаль жеңімпаздарына 60 миллион сум , оқытушысына 45 миллион сум берілді.

    Медаль иегерлері мемлекеттік грант негізінде жоғары оқу орындарына қабылданады. Ұстаздарына келесі оқу жылы үшін 200 пайызға дейін үстемақы белгіленеді.

    Сонымен қатар, 2021-2022 оқу жылы барысында аймақтық халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары және олардың ұстаздары төмендегідей марапатталды:

    алтын медаль жеңімпаздарына 3,6 миллион сум , оқытушысына 15 миллион сум ;

    күміс медаль жеңімпаздарына 2,4 миллион сум , оқытушысына 10,5 миллион сум ;

    қола медаль жеңімпаздарына 1,8 миллион сум , оқытушысына 9 миллион сум .

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates