Халықаралық ынтымақтастықтың болашағы жолында

    Энергия 31 Mart 2022 1124

    Италияның “AC BOILERS S.p.A” компаниясының өкілдері «Ташкент жылу электр станциясы» АҚ-да жүргізіліп жатқан жұмыстармен жақыннан танысу мақсатында станцияға келді.

    Белгілі болғандай, «Жылу электр станциялары» АҚ және Италияның «AC BOILERS S.p.A.» компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес Өзбекстан аумағындағы жылу энергетика нысандарында ЖЭС мен ЖЭО комбинациялық циклін жаңғырту саласында ытымақтастық жасау белгіленген.

    Осыған орай компания өкілдері «Ташкент ЖЭС» АҚ-да болып, энергоблоктардың «экологиялық таза» энерго құрылғыларын пайдалана отырып қуаттылығын арттыру және жаңғырту жұмыстарымен танысты. Сапар барысында олар қуаты 370 МВт болған бу-газ қондырғысы мен 5-энергоблоктың жұмыс үдерісін бақылады.

    24-26 март күндері бірінші Ташкент халықаралық форумы аясында «Жылу электр станциялары» АҚ және «AC BOILERS SpA» АҚ компаниясымен «Жылу электр станциялары» АҚ арасында жүйедегі кәсіпорындарда “экологиялық таза” эенргия қондырғыларды орнатқан жағдайда қуаттылықты арттыру бойынша меморандумға қол қойылды.

    «Ташкент ЖЭС» АҚ баспасөз қызметі.